Жұма, 29 Наурыз 2024
Айтқыш екен 6688 0 пікір 29 Желтоқсан, 2014 сағат 09:31

«ЗВУЧИТ ТА...»

Елбасының қатаң ескертуінен кейін барлық әкім-қаралар кез-келген сөздегі нұрды алып тастаса:
«Нұр-Астана» - «Астана»
«Нұр-Мүбәрәк» - «Мүбәрәк»
«Нұр-Отан» - «Отан»
«Нұр.кз» - «Кз»
Нұрғали Нүсіпжанов ағай – Ғали Нүсіпжанов,
Нұрсұлу – Сұлу
Нұркен Өтеуілов – Кен Өтеуілов болар еді. Дегенмен бәрі мағынасын ұстап қалар еді. Ең обалы Нұрлыбек Ерғалиевқа. Ол байғұс мағынасыз Лыбек болып қалар еді. Не ол Лыбек деген? Нұрлыбек, Құдайдан «Нұрсыз қалдыра көрме»,-деп жатпай-тұрмай тіле. 
Тағы бір қиыны, «Нұр-Мұқасан» тобы тарап, шоу-бизнесте Мұқасан өзі ғана қалар еді... Ал, Нұрлан Еспанов ағай Лан Еспанов болып жүре берер еді. Өйткені звучит та ей, Лан Еспанов деген.

Бейбіт САРЫБАЙ,

жазушы.

(Жазба автордың FB парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600