Сәрсенбі, 28 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110832. Жазылғандар — 105883. Қайтыс болғандар — 1825
Жаңалықтар 2915 0 пікір 29 Желтоқсан, 2014 сағат 20:26

АРДАГЕРДІ АРДАҚТА: КӨКШЕТАУДАҒЫ ҚҰРМЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин көкшетаулық бір топ ҰОС ардагерлеріне сый жасады. Аймақ басшысы Александр Кияткин, Асылбек Дәулетов және Бүркітбай Батырхановты жаңа жыл мерекесімен құттықтады.  

Алғашқы болып, Елбасының сәлемдемесін облыс әкімі Сергей Кулагин көкшетаулық, ҰОС ардагері Асылбек Дәулетовке жеткізді.

«Елбасы барлық әкімдерге жаңа жыл қарсаңында ҰОС барлық ардагерлерін құттықтауды тапсырды. Бұл - біз үшін үлкен парыз. Біздерге бейбіт өмір сыйлаған сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Сіздердің жағдайларыңызды Мемлекет басшысы өз бақылауына алып отыр. Сол себепті жаңа жыл мерекесі қарсаңында Елбасының құттықтауын сіздерге жеткізіп отырмыз», - деді өз сөзінде облыс әкімі.

«Осы игі істі бүкіл ел болып, қолға алып отырған халқыма, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Арада 70 жыл өтсе де, миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмап кеткен қанқұйлы соғыс күні бүгінгідей көз алдымда. Сіздер соғысты көрген жоқсыздар. Біз аға буын өкілдері тағдыр-талайы сол зұлматты жылдармен тұспа-тұс келген ардагерлер ендігі арада әлемде бейбітшілік мықтап орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын мамыражай қалпынан арылмаса екен деп тілейміз», - деп игі тілегін білдірді ардагер.

Сонымен қатар, бұл күні ҰОС тағы бір ардагері Александр Кияткин мен Бүркітбай Батырхановты да Елбасы атынан құттықтап, жылы лебіздер айтылды.

Өз сөзінде жасы 90 алқымдаған Бүркітбай Батырханов барша қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, осындай қуанышқа бөлеп жатқан Елбасына шынайы ризашылығын білдірді.

«Әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек. Бейбітшілік шуағына малынған қас-қағым сәтке жететін қазына болмайтын шығар, сірә. Сондықтан да, осы жарқын күндерімізді кемел келешекке ұластыру үшін бейбіт заманның қадір-қасиетін жан-дүниеңмен ұғынсаң ғана, ет жүрегіңмен сезінсең ғана осынау ұлы іске өз үлесіңді қоса аласың. Біздің ұрпағымыз соғыс дейтін сұрапыл сөзді естімесін. Жаңа жыл Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан халқына тек жақсылық әкелсін», - деді Бүркітбай Батырханов.

Ал, бүгінгі күні Ақмола облысында 226 ҰОС ардагері болса, оның 72-і Көкшетауда тұрады.О сы орайда, облысы әкімі алдағы жылы 75 мың теңгеден ауған соғысының, 150 мың теңгеден ҰОС ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемақы беру ретінде көмек көрсету жөнінде ұсыныс бюджетке енгізілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол ҰОС қатысқан өңірдегі барлық ардагерлерге осындай құрмет көрсетілетін атап өтті.

Абай-ақпарат.

(Мақала «Қазақпарат» ХАА деректері негізінде әзірленді).

0 пікір