Бейсенбі, 30 Мамыр 2024
Әдебиет 9783 0 пікір 30 Желтоқсан, 2014 сағат 12:46

Ибрагим ИСА. БІЗ ¬- ҚАСҚЫРМЫЗ!

Біз қасқырмыз,
Иттерге теңемегін,
Қасқыр деген атымды шегеледім.
Қосауызбен атады анадайдан,
Қарсы келсе шайқасып өлер едім.

Біз қасқырмыз,
Аузында оқ-дәрінің,
Жердің зары-зары ғой Көк Тағының,
Ешбір заңға ешқашан бағынбаймыз,
Атпа бізді,
Бір рет атпа бүгін.

Біз қасқырмыз!
Санымыз санаулы-ақ қой,
Өлген кезде біздерді жалаулап қой.
Бізде итпіз олармен тұқымдаспыз,
Итіңді әкет біздерге жалаңдатпай.

Жылы жерде жалаған тостағанын,
Мен иттердің білемін қас-қабағын.
Аяздарда кездессе, оңашада,
Бір топ итті быт-шыт қып тастар едім..

Жылы жерге біздерді жібермейді,
Қасқыр кегі сонан соң тереңдейді.
Өлсе өлер қасқырлар қажығанда,
Қуаты бар кезінде тірі өлмейді.

Ата берсін біздерді көздеп кімдер,
Еркіндікті дәл біздей сезбейсіңдер.
Иттер, сендер кезінде қасқыр болып,
Аттарыңды жалынып өзгерттіңдер.

Біздерменен кезінде туысқан боп,
Тусаңдар да, жатсаңдар тыныш терлеп.
Иелердің сарқытын тойып ішіп,
Тістейтұғын болдыңдар қуыстан кеп.

Жуындыны жалаған бейшаралар,
Бақыттарың, білмеймін, қанша жанар?!
Қызметің-қашанда күзетшілік,
Қарғы бауың-алғысың болса болар.

Біз қасқырмыз!
Намысты бере алмаймыз!
Оңашада сендерді таба алмаймыз.
Бәріне де кешірім жасағанмен,
Бұл дүниеде иттерді көре алмаймыз.

Ит емеспіз сендердей асқа жерік,
Жүрмейді ғой сендерге еш төрелік.
Алдап-жалдап жүрмесе иелерің,
Біз сендерді быт-шыт қып тастар едік!

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1818