Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 6514 0 пікір 2 Қаңтар, 2015 сағат 23:48

БЕЛАРУСТАР "ПУТИН" ДӘСТҮРІНЕН БАС ТАРТТЫ

Беларустар тұңғыш рет жылдың басын РФ Президенті Путиннің құттықтауымен емес өздерінің Президенті Александр Лукашенконың құттықтау хабарын көріп қарсы алды. Бұл туралы http://turkhaber.com.ua/ сайты жазды. Мемлекет тарихында тұңғыш рет Беларусь Республикасы телеарналарының ешбірі көрші ел президентінің құттықтау хатын эфирге жібермеген. 

Осы елдегі РТР-Беларусь арнасы Ресей президентінің құттықтау хатын эфирге жіберуді жоспарлаған. Алайда, арна режиссоры Александр Лукашенконың құттықтау сөзін эфирден көрсеткен. nn.by сайтының жазуынша, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Беларустар  өзге елдің Президенті құттықтау сөзін алдымен, сосын Беларусь басшысының құттықтау сөзін еститін дәстүр 20 жылдан бері жалғасып келеді екен. 

Беларуссияның біраз отбасы бұған дейінгі жылдарда өздерінен бір сағат бұрын, 23:00-де Жаңа жылды қарсы алатын Мәскеу уақыты бойынша Жаңа жыл мерекесін тойлап келген. Москваның қыстық уақытқа ауысуына орай енді Минск пен Мәскеу арасында уақыт айырмашылығы жоқ(2011 жылы Медведов президент болып тұрған кезде Ресейде қыстық уақытқа көшу жойылған, былтыр қазанның 26-сы жаңа құжатқа сай Мәскеу қыстық уақытқа ауысты.). Осыған байланысты Беларусь арналары қайсы елдің президентін сөйлетуді білмей біраз әбігерленген. 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524