Жұма, 25 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107590. Жазылғандар — 102360. Қайтыс болғандар — 1699
Мәйекті 7732 0 пікір 10 Қаңтар, 2015 сағат 11:20

Тұрсын ЖҰРТБАЙ. АДАМЗАТ ҚАЙДАН ТАРАЛҒАН?

Ардақты оқырман, егер сіз жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Америка күнделіктері» атты жолжазба кітабының осы тарауын оқып шығып, бұған дейінгі жазбаларға қызығушылық танытсаңыз, ол бөлімдерді мына сілтемелер арқылы таба аласыз: 

 

http://abai.kz/post/view?id=2587

http://abai.kz/post/view?id=2564

http://abai.kz/post/view?id=2551

http://abai.kz/post/view?id=2533 

http://abai.kz/post/view?id=2505 

http://abai.kz/post/view?id=2489

http://abai.kz/post/view?id=2464     

http://abai.kz/post/view?id=2450

http://abai.kz/post/view?id=2410 

http://abai.kz/post/view?id=2392

http://abai.kz/post/view?id=2365

http://abai.kz/post/view?id=2341

http://abai.kz/post/view?id=2328

http://abai.kz/post/view?id=2298 

http://abai.kz/post/view?id=2264

http://abai.kz/post/view?id=2251

http://abai.kz/post/view?id=2238 

 

Сонымен...

Адамзат қайдан таралған? Міне, оқып тұрсыз ғой, біздің әңгімеміздің қайдан бастау алғанын?!. XX ғасырдың ортасында Бразилия, Аргентина ғалымдары: Адамзаттың алғашқы отаны – Оңтүстік Америка! – деп, оған ацектердің (естектердің) өркениетін алға тартады. Бұған ежелден империялық өктемдігі басым СССР-дің, АҚШ-тың, Канададаның ғалымдары мойынсынғысы келмейді. Амалсыз еуропалық оқымыстылар бірігеді. Ақыры ондаған жылдар бойы жанталаса дерек жиған елтану (генетика, этнография, археология, антропология, жағырапия, тарих, әдебиеттану т.б), жертану (жаратылыстану, құрылықтану,  топырақтану, өсімдіктану, хайуанаттану т.б), аспантану (астрономия, астрология, ғаламтану т.б.),  өркениеттану (мұз дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі, мысыр, грек, рим, шығыс дәуірі т.б.), мұхиттану (құрылықтардың пайда болуы, мұз қабаттарының түзілімі,  су асты әлемі мен су асты жер қабаттары т.б.) мамандары, бәрі-бәрі қосылып, ақыры өзара ортақ мынадай мәмілеге келіпті.

Осыдан 50 мың жыл бұрын қиыр солтүстіктегі Алеут аралдары – тұтас мойнақ болған. Сол мойнақ арқылы түркі нәсілді тайпалар Аляскаға, солтүстік Америкаға, содан жылжып Оңтүстік Америкаға өткен. Мұны геологтар дәлелдеп шығыпты. Бұл –  бір. Екінші, үндістердің түркі нәсілінен екенін антропологтар мойындатыпты. Сондағы ең басты уәжі не – дейсіз ғой?  Ол – сіз бен бізде, баламызда, немеремізде болған, бар белгі. Ол ғылымда «монғолтектілердің нысаны» деп аталатын – нәрестенің туа салғанда құймышағында болатын, 5 жасқа дейін анық көрініп тұратын «көк таңба». Сондай нысаналы «көк таңба» үндістердің де балаларында құймышағынан бес жасқа дейін кетпейді екен! Үшінші, монғолтектілерді де, үндістерді де сақал мен мұрттан «ұятты» қып жаратыпты.  Сақал қойғаныма 25 жыл болса да, арабтар мен француздардың, Маркс пен Толстойдың алдына түсем-ау деген ойдың маған келмегені де сол шығар. Төртінші еуропалықтардың бүйрегінде алкогольдің  сорасы сақталмайды екен. Өйткені, балаға ат қойып, шоқындырғаннан бастап, бұл тамшы олардың қанына сіңіп, онымен қарсы күресетін «күш» ерте қалыптасады екен. Ал түркілер мен үндістердің бүйрегіне алкоголь тамшысы тұнып қалып, үнемі «екіншіні»  күтіп тұрады екен. Біздің және үндістердің ішімдікке «бауырымыз байланып, бүйрегіміз бұрып қалатыны» сол екен!

Бесінші, ныспылардың жиынтығы (набор символов) – пиктограммалар екен. Бұғылар мен мүйізді бұқалардың таңбасын «сөйлеткен» Лонгфеллоның аты тарихта мәңгі қалды.

Осы бес уәждің бесеуі де дұрыс. Алеут мойнағынан 50 мың жыл бұрын өткен қандастарымыз – өздері мініп өткен «қайықты» әлі де ұмытпай «қайық» деуі де соған дәлел. Ал «ацек» – естек пе, жоқ па, ол енді басқа мәселе. Естектердің башқұрт ұлтының бір аты ретінде әлі сақталып келе жатқаны тарихи шындық. Бір қызығы, үндістерде жылқы болмапты. Атты еуропалықтар әкеліпті. Мал орнына, Латын Америкасының түйесі – ламаны ұстапты. Шындығында да, солтүстік полюстен жылқыны қалай өткізсін? Шөп қайда? Таға қайда?

Сөйткен үндістер өркениеті күйрей-күйрей, XVI ғасырда 1,5 миллионы ғана қалыпты. Тағы да «індетке ұшырап», құрып бара жатып, бел түзепті.  Қазір Америкада 5 миллион тұрғылықты америкалық бар екен. Калифорнияда – 700 мың, қалғаны Оризона, Охлакома штаттарында.  1924 жылы ғана Америка азаматы деп танылыпты.  560 тайпа екен. Олар қазір АҚШ-тың жерінің 2 пайызына  бақылау жасайды, үштен бірі – резервацияда өмір сүреді. Орта жасы – 30 жас (?!.), 55 пайызында – баспана бар, 10 пайызы – баспанасыз. Оқу тегін. Тек 40 пайызы ғана білімді (хат таниды), 70 пайызы ағылшын тілін біледі. Ежелгі діни таным, дәстүрлері сақталған. Бүркіт, кит, жылқы, ит жеуге АҚШ-та тиым салынған. Тек үндістерге ғана рұқсат етілген. Негізгі дәмі – жүгері, қоспа жент, балық. Олар он түрлі Өсиетті ұстанады:

  1. Жерге, жерге және жерге жақын бол, оны құрмет ет, оған ие бол (Жерден айырылған өткен күнге өкініш қой. Қалған жердің  қадірін біл дегені. Біртұтас Алаш идеясының бірінші ұстанымы да: жер, жер және жер – болатын. Бұл бүгінгі күні өмір сүріп отырған біз үшін де басты өсиет болып қалуы керек).
  2. Жоғарыдағы жоғары Рухқа жақын бол (Тәңіріңе табын! Бір Жаратушы жадыңда ұста. Алладан басқа жаратушың, қамқоршың, құтқарушың жоқ. «Алланы сүй, шын осы һақ жолы деп». Бұл да Біртұтас алаш идеясының бір ұстыны).
  3. Жақыныңды сыйла («Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «Кісі болар кісінің – кісіменен ісі бар, Кісі болмас кісінің – кісіменен несі бар», «Қанына тартпағанның қары сынсын», т.б.).
  4. Адам затына жақсылық істе («Достыққа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол», «Жақсылық мәңгі өлмейді, жамандық жерде жатпайды», «Адамзаттың бәрін сүй «Бауырым» деп», т.б.).
  5. Керегіңді ал, керегін бер. Көмектес. («Алаған қолым – береген», «Керек тастың ауырлығы жоқ», «Кісінің күні – кісімен», т.б.).
  6. «Дұрыс» – деп тапқаныңды істе («Көз қорқақ, қол батыр», «Патша көңілің білсін», «Жүрегіңнің дегенін істе», «Ар – өлшеуіш, ақыл – таразы»).
  7. Тәніңді де, Рухыңды да (жаныңды да) таза ұста! («Жүрегіңе иненің жасуындай жаманшылық сақтама», «Жүрегіңнің түбіне кір сақтама», «Малыңды –  бастан сақта, Арыңда – жастан сақта», «Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек» т.б).
  8. Ұлы жақсылық үшін өзіңді құрбан ет («Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» т.б.)
  9. Адал, шыншыл бол («Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман (адалдық) жоқ», т.б.)
  10. Әр ісіңе толық жауап бер («Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер». т.б.)

«Қара көк таңбамыз» да, қанымыз да, санамыз да (ойлау жүйеміз де), өмірлік ұстанымымыз да Біртұтас боп шықты ғой, Бауырым!

Бұдан басқа, біз ұмытқан, миләдиден бұрынғы «ер апаларымыз» (амазонкалар) ұстанған қыз-жігіт арасындағы дәстүр де оларда бертінге дейін сақталыпты. Қазір де ұшырасуы (резервацияда) мүмкін. Ертеде, қыз – жігітті таңдапты! Көктемде жігіт бұғының алдыңғы екі тұяғын мойнына іліп, қыз айттыру үшін көрші күренді аралайды. Салт бойынша өзге «бұғытұяқтылармен»  бірге би билейді. Екі-үш қыз бір жігітті таңдаса, қыздар жарысады, озғанына жігіт бұйырады. Ешқандай қыз жігітті таңдамаса, ол жігіттің екінші рет «бұғының тұяғын» мойнына ілуіне – қалыңдық айттыруына рұқсат жоқ. Кешіл боп өтеді. Әлгі жігіт үйіне қайтып оралмайды. Күреңнен күреңге ауысып күнін өткізетін болыпты.  Ертеде, ерапалар да жігітті өздері таңдаған және тиген жігітін өз күреңінде қалдырған. Таңдаған жігітін таңдау құқығына ие болу үшін қыздар өзара бәсекеге түскен. Жауын жайратқан қыз ғана жігіт таңдауға құқылы болған. Әлемнің екі түпкіріне осыдан 50 мың жыл бұрын аттанып кеткен аталастардың дәстүрінің үзіліп-жалғанған тұсын қараңыз.

Олар да жиі қоныс аударып отыратын болыпты. Күреңнің ағашы шіриді. Атыз тозады. Аң ауады. Жау жағадан алып ығысады. Бізде: жер тозады, су тартылады, өріс тарылады. Әйтеуір көшуге себеп көп қой. Әйелдер барлық үй шаруасына басшылық еткен. Әсіресе, өзара соғыс үндістердің тұқымын азайтқан. Біздегі «Алтын орда» ұлысының шаңырағын ортасына түсірген елу жылдың ішінде орын алған – Мамай мен Тоқтамыстың, Тоқтамыс пен Темірдің, Едіге мен Темірдің, Тоқтамыс пен Едігенің,  тағы да Тоқтамыс пен Темірдің, Темір мен Баязидтің арасындағы өзара соғыс қой! Қандай ұқсастық!

Оғыз қаған тұсындағы жебе туралы аңыз да үндістердің арасында сақталып қалыпты. Өзара қырқысуды Рагезы – От (оқ) жылан атты үндіс жігіті тоқтатыпты. Бірін-бірі жоюға айналған 5 тайпаны жиып, 5 көсемге бір-бірден жебе береді. Олар жебені оңай сындырады. Содан соң бес-бестен жебе береді. Олар сындыра алмайды. Сонда ол: міне, көрдіңдер ме, бізге де бірігу керек. Бесеуміз біріксек – жау жеңе алмайды. Шабуылдамау керек, қорғану керек бізге! – дейді. Содан бастап өзара қырқысу тиылыпты. Осы тәмсілді естіген Джефферсон 13 штаттың символы етіп 13 жебені гербке салдырған. Ал ақ бас қыран – Американың басты нысанасы. Ой, Алла, ақ бас қыран – қырандар тегіне жатпайды екен. Сол сияқты американдықтар да бір текті емес, әр нәсілді. Әрине, мұны Джефферсон болжап-білмегені анық. Әлде, масондарға барлық нысана аян ба, кім білдсін.

Шетсіз, шексіз, көкжиекті иығымен көтеріп тұрған орман... Кенет бір кезеңге шыққанымызда алдымыздан үлкен қала «ұшыраса» кетті. Бұл – Рот-Айлэнд штатының орталығы Провенс шаһары екен. Ең шағын штат, ең шағын орталық. Өзен мен көл қоршаған. Өндірісі де аз. Мұның себебі, құрылу тарихында екен. 1740 жылы Роджерс есімді әулие әкей Британияға барып: Рот-Айлэнд ерікті діндер штаты – деген рұқсат алыпты. Конгресстен 2 орын өкілдікке ие болыпты. Ең бірінші, құлдыққа тиым салынады. Әр діндегілерге еркіндік беріледі. Қаланың нысанасы – рәмізі – найза ұстаған үндіс. 1762 жылы Николас Браун университет ашады. Онда барлық діндердің өкілі оқиды. 1949 жылдан бастан студенттер қай пәнді оқитынын өздері таңдайды. Негізінен, мысыртану (египтология) және математика пәніне басымдылық беріледі. Бір жыныстылардың үйленуіне де рұқсат.

Провенс – жеті шоқыға орналасқан. Ойлы-қырлы, қыраттан-қыратқа өтіп, қаланың бар болмысын алақандағыдай көріп отырасың. Сидам, түзу, бұтабасты қант үйеңкелер қалың өседі екен. «Үйеңке сауатын» шаруашылықтар да көзге шалынды. Шыршалар да ұшырасты.

Провенсті артқа қалдыра беріп, тағы да Америка тарихы туралы әңгімені тыңдадық.

Сөйтсек, Американы ашқан Колумб та, испандар да, португалдар да емес екен. Өткен ғасырдың 70-жылдарында бір студент жігіт Онтарио көлінің солтүстік жағалауында серуендеп жүріп, жазуы бар бір тас қақпақтасты көріпті. Сына жазуы екен. XI ғасырда қашалыпты. Студент университетке көшірмесін әкеліп оқыса, исландиялық викингтердің «өсиеті» болып шығыпты. Себебі, Исландияда ағаш өспейді. Демек отын жоқ. Ал отынсыз солтүстік қиырдағы аралда өмір сүру мүмкін емес. X ғасырда ол арал да викингтерге тарлық етеді. Сондай қайшылықты реттеп, бақылап қайту үшін қызылшашты Эриксон ханзада Исландия мен Грендландияға аттанады. Исландия жағалауында тұман қалың түседі. Сондықтан адасады. Адасып жүріп «Нефаунға» – тағы да жаңадан ашылған жерге тұмсық тірейді. Орманның қалыңдығына Эриксон таң қалады. Исландияда ағаш жоқ, ал мұнда сыңсып тұр... 20 адамды іріктеп сонда қалдырады да өзі: 3-4 айда қайтып келемін – деп кері қайтады. 20 адам жабайы жүзіммен күнелтеді. Үндістерден ығысып, өзен жағалап Онтарио көлінің солтүстік жағасына кеп, жалпақ тасқа: «Эриксон келмеді. Біз құрлықтың ішіне қарай кеттік» – деп жазып кетіпті. Сүйектері табылмапты. Зады үндістер бір жайлы етсе керек. Ал Эриксон болса, зерттеушілердің пікірінше, елге қайтқан соң саяси жағдай өзгеріп, қайтып баруға мұршасы келмепті. Сөйтіп, Американы ашқан Колумб та, испандар да емес, Эриксон ханзада мен викингтер болып шықты. Әрине, түркі нәсілдес тұрғылықты американдықтардан кейін...

Осы, тарих дегенің қызық. Жоғарыдағы үшеуінің (викинг, испан, үндіс) қайсысы Американы ашқан! – деуге болады. Неге үндістердің тарихы адамзат өркениетіне ортақ бола тұра, адам қатарына қосылмауы тиіс! Түк түсінсем бұйырмасын, үшеуі де мұхит кесіп өтті емес пе?!.

Неге?

Бұл сұрақтың да жауабы салыстырмалы түрде шешілді. Ақыры әңгіме арқауы тарихи-салыстырмалы әдіске көшіп кетті. Сонымен, неге?..

Бұған себеп: 1. Әл-Ферғани жұлдыздардың және сол арқылы жер шарының картасын жасауы; 2. Сол заманда қытайлар ойлап тапқан құбыланаманы (компас) және; 3. Желге қарсы, не ықтап кез-келген бағытқа жүзе беретін үш бұрышты желкенді қытайға барған Марко Полоның Еуропаға алып келуі; 4. Кордоваға мекендеген арабтардың іліміне сүйенген испандықтардың – андалузиялықтардың кеменің рулін ойлап табуы – екен!

Қалайша дейсіз бе? Жазайын.

Ол кезде Андалусияда арабтар салған кітапханалар көп болды. Әсіресе, математика саласындағы зерттеулер басым еді. Сол ұлы мұра  Кордоваға жинақталады. Демек, Испания әлемдік білім қорын жинақтады. Сол кітапханадағы Әл Ферғани түзген астрологиялық бағдармен, жер шарының картасымен  Колумб танысады, соған сүйене отырып мұхитқа шығып, адасып жүріп Американы ашады. Демек, Колумбқа ферғаналық ғалым (түрік тектес екені анық) жол көрсеткен.

Тура сол кезде испан королінің қазынасы кедейленеді. Инквизицияның, діни қуғынның кесірінен соғыс өршиді. Арабтар Андалусияны тастап кетеді. Ал иудаизм дініндегілер, яғни, еврейлер, үшке бөлінеді. Бірінші тобы, католик дінін сырттай қабылдап, іштей иудаизмді ұстанды. Екінші тобы – Шығыс Еуропаға  –  Украинаға қоныс аударды. Ал, үшінші тобы, яғни, сепардтар – сапарлап кетушілер (сеапард, сепарды, сапар – бөліну, сапарлап кету, бүгінгі сеапардистер, сепаратистер – жіктелушілер, бөлінушілер деген термин содан қалыптасқан) – Орта Азиядан бір-ақ шығады. Міне, біз төркінін таба алмай жүрген «сарттың» – сепардтардың түп төркіні қайда жатыр! Бұл мен үшін ұлы жаңалық (Енді, Абайдың «Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың» деген жолдарындағы емеуірі мен ойын таратып, түсіндіріп беру үшін де осы сепардтардың – сарттардың тарихына тереңдеп үңілуім керек болды).

Сол кезде Христофор Колумбті әуелі – португал, содан соң испан королі қабылдайды. Колумб оларға: «Жер жұмыртқа тәрізді. Әл Ферғанидің жұлдыздар сызбасы соны дәлелдейді. Үш бұрышты желкен, құбыланама, руль бар. Қытай арқылы Индияға барамын. Қазынаңызды толтырамын», – дейді.

Қаржы жоқ. Сонда андалусиялық иудалар: «Қаржыны біз береміз. Тек сенің артыңда мемлекет тұрсын, – дейді. Изавелла королева бұған:  3 кеме бар, біреуін мен жасақтаймын. Асыл тастарымды сатамын. Екіншісін өзің жасақта. Үшіншісін..., – дейді.

Көпес иудейлер үшіншісін жасақтайды. 1492 жылы қыркүйекте аттанады. 2 ай жүріп адасады. Су, азық түгесіледі. Наразылық туады. Енді кері бұрыларда жағалау құстары мен салынды ағаш көрінеді. Бақытына бұйырып Бразилия – Аргентина жағалауын көріп: «Америго!» – дейді. Сөйтіп, Америка атанып шыға келеді.

Қазан айында жыл сайын екі Америка бірігіп «Америка!»  мерекесін тойлайды. Ал бұл күні тұрғылықты америкалықтар – үндістер  аза (траур) күні деп түсініп, өткенге аза тұтады.

Адамзат өркениеті үшін бір ержүрек батыр керек еді сол кезде. Құбыланаманың да, жұлдызнаманың да, үш бұрышты желкеннің де, рульдің де авторларының аты өшіп тынды. Олардың бар бақыты мен даңқы жиылып Колумбқа бұйырды.

Адасып жүріп, Американы ашу да бұйырған бақ қой!

Жол бұйырып біз де Американы көрдік. Міне, Нью-Йоркке де, Манхэттенге де жеттік.

Көз сүйсіндірген қуаныш – метрода тырбаңдап, қолын созып жиен немерем Тоқбала (Тәмилә) қарсы алды. Жадырап, жайдары тарта беріп ем, Назым мен Әмина: «Артыңа қарашы!» – деді жарыса. Жалт қарасам жайлаудың суреті бар үлкен плакат ілінулі тұр. Жәй жайлау емес, екі бірдей қазақ үйінің (монғолдікі, қырғыздікі емес) суреті көзіме оттай басылды. Ой, қуанғаным-ай десеңші! Суретке түстім. Сөйтсем: «Біз қай жерде де көмекке келеміз!» – деген күн батареясы компаниясының жарнамасы екен. Жарнамаға сүйсініп қарағаным осы шығар!

Жасасын, жарнама!

(Жалғасы бар...)

Абай.kz

0 пікір