Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 6581 1 пікір 12 Қаңтар, 2015 сағат 19:31

Болатбек ТОҚМЫРЗА. ЕРТЕГІ

Ертеде бір қыз өзін өзі селпитіп-селпитіп суретке түсіре беруді жақсы көріпті. Күндердің күнінде әлгі қыз өзінің кеудесін керген, бөксесін қайқайтып берген суретін ғаламторға салыпты да жіберіпті.
Содан, "суперсің", "ништяк", "офигенно" деген сияқты нешетүрлі коменттерді оқып, таза шаттанып, суретке керіліп те, ерігіп те түсе беріпті. Түскен суреттерін ерінбей желіге жүктей беріпті, жүктей беріпті. Бір күні қалай да суперленемін деп желіге өзінің жұқа тәнін көлегейлеген мен көрсетіп тұратын жеңіл киіммен түскен суретін де салып жіберіпті. Күндегі күндегі ма, "супердің суперісің", "сұмдықсың", " ах-ух" деген коменттердің астында қалыпты. Өзін одан сайын керемет сезінген қыз қалайда өзіне тәнті елді көбейтсем деп қиялдап жатып, төстартқышын шешіп, төсін ашып тұрған бейнесін "шырт" еткізіп түсіріп, желіге жібере салыпты.
Ертесіне өзінің суретінің астында "Қазақта Көтібар деген батыр болғанмен Көтіашық деген қыз болмаған, ақылың болса арыңды сақта" деген жазбаны оқып, ұялып қалыпты. Содан суреттерін жойып, суретке түсуді қойып, желідегі өмірін күзеп, сәждеге маңдай тигізіп өмірін түзеп, өмірді ұғып, күйеуге шығып, бақытына жетіпті.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды) 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512