Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Мәйекті 15867 0 пікір 22 Қаңтар, 2015 сағат 13:08

ОЙРАТТАР. ОЛАР КІМДЕР?

Тарихшылар аталған ғылыми мәселені аса қарастырған жоқ. 1967 жылы И.Я.Златкин «қалмақ атауы XIV ғ. бірінші жартысында Алтын Орданың исламдану процесімен байланысты»,- деп жазған. Ол бұл тұжырымды қалмақтардың пайда болуы туралы «Түріктердің шежіресіндегі» (Шаджарат ал-атрах) куәліктерге негіздеген еді. Бұл жерде «шамамен XV ғасырдың ортасынан бастап Қалмақ термині ойраттарды білдіреді», - деп жазған Н.В.Екеевпен келіспеуге болады [10, 125].

Аталған ғылыми мәселе бойынша үш мақала жазып, мейлінше үлес қосқан И.И.Дремов [6] [7] [8]. Автор бүгінгі қалмақтардың арғы аталары келгеніне дейін, XIV-XVI ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақта қалмақтар өмір сүргені туралы дәлелдейтін жазбаша және картографиялық куәліктердің көп санын жинай алды. И.И. Дремов қалмақтарды басқаша «жабайы татарлар» және олар ұзын шаш өсіргенін атап өтті [6, 134]. И.И.Дремов: «Қалмақ атауы әуелгі моңғол империясының территориясында түрлі пұтқа табынушыларға «артта қалған» немесе «мұсылман болмай қалғандар» деген  теріс мағынада қолданылып, кейін этникалық сипатқа ие болды» жеп жазады [6, 135]

И.И.Дремовтың мақалаларында келтірілген куәліктерді бір кестеде көрсетуге болады:

 

Дерек

Уақыт

Контекст

Түріктердің шежіресі ( XV ғасырдың ортасындағы дерек),Төрт ұлыс тарихы.

1313 жыл (Өзбек хан заманы)

Исламды қабылдамағандар Қалмақтар деп, ал исламды қабылдағандар өзбектер деп атала басталды

Бахр ал Асрар ( XVII ғасырдағы дерек)

 XV ғасырдың ортасы

Әбілхайыр Итиль өзенінен қырғыздарға дейін (бүгінгі Алтай?)  қалмақтарға жорық бастады

Фра Мауро картасы

1459 жыл

Саратов пен Камышин маңында «Calmuzi sara» бар. И.К.Фоменко  аталған қала Қалмақтардың Сарайы  деп аталып, Еділдің оң жағалауында  орналасқанын айтады

Лихачев жылнамасы (1487)

1480 жыл

Уградағы тұрақта қалмақтар қатысқан

София Новгород кітапханасының жинағы

XVI ғасырдың бірінші ширегі

Каспий теңізін қоршаған Татар жерінің құрамына Қалмақтар енеді

Қазақ  аңыздары

XVI ғасырдың басы

Көшпелі қалмақтардың жайылымдары  Сырдарья мен Арала теңізінің жоғарғы ағысында Сары – үйшік (Сарайшык?) немесе Үйшік орналасқан.

Матвей Меховский

1521 жыл

Пұтқа табынушы ұзын шашты Қалмақтар Еділден шығысқа қарай өмір сүреді

Сигизмунд Герберштейн

 

«Басқа татарлар  Ра өзенінің арғы бетінде өмір сүреді, тек солар

(татардың ішінде) шаш өсіріп, қалмақтар деп аталады»

Антония Вида картасы

1537 жыл

Қалмақтар Еділден солтүстік-шығысқа қарай өмір сүреді. Kalmucky маңында олар ұзын шаш өсіретіні туралы жазылған.

А. Контарини

1474-1475 жылдар

Еділдің арғы бетінде өмір сүретін келесі тайпа солтүстік-шығысқа қарай. Олар беліне  дейін түсетін ұзын шаштарымен ерекшеленеді және  қатты суықтар мен аяздарда Цитраханиге дейін жететін, бірақ  тұрғындарға ешқандай залалы жоқ, олардың атауы тағы татарлар.

Меркатора картасы

1544 жыл

Қалмақ татарлары (kalmucki tartari) бүгінгі Мұғаджар жерінде, Еділ мен Жайықтан шығысқа қарай казак татарлармен (kasakki tartari) қатар,  ноғай татарларынан солтүстік – шығысқа  алып келген

Себастьян Мюнстер

1550 жыл

Қалмақтар Жайық пен Ертістің арасында өмір сүреді

Антоний Дженкинсон

1558 жыл

Қалмақтар Орталық Азияның солтүстігіне қарай Ембі өзенінің басында, ал қара қалмақтар Қытайға жақын жерде өмір сүреді  

Ноғай ордасынан мәліметтер

1535 жыл

Ноғай мырзалары қыс бойы Эмбі өзенінде қалмақтардың шабуылын күткен.

Данило Губин

1535 год

Қалмақтар қазақтарға берілген, Ембі өзенінде ноғайлықтар жасақта тұр.

Өтеміс қажы

XVI  ғасырдың бірінші жартысы

Бір сөзбен, қалмақтардың салты осындай.

Патша немесе қандай да бір ұлы адам  қайтыс болған кезде, тобыр-тобырымен әр тайпа қайғыларымен жеке ортақтасады және “чав-чав” зарын үш рет орындайды. Күні бүгінге дейін сондай дәстүр Ұлытауда бар.  

Ноғай ордасынан мәліметтер

1556 жыл

Алтыұл ордасының негізін қалаушы Шейх-Мамай қалмақтардың жорығына тойтарыс берді.

Джонсон Р.

1556 жыл

Обь өзенінің оңтүстігінде қара қара және сары қалмақтар өмір сүреді.

Ноғай ордасынан мәліметтер

1560 жыл

Астрахан мергендері Сарайшық маңында қалмақ адамдарын тұтқындады

Иван Грозныйдың Строгановтарға бұйрығы

1574 жыл

Бұхарлықтар, қазақтар және қалмақтармен сауда жасауды бұйырды

Ноғай ордасынан мәліметтер

1578 жыл

Ноғай ақсүйектерінің съезінде  «қалмақтарға қарсы тұру» мақсаты құпталған

Строганов жылнамасы

1582 жыл

Көшім қалмак ұлыстарына қашты

1. Хафизи Таныш «Абдулла-намэ»,

2. Жизақ аңғары жартасындағы жазу,

3. Мухаммед Юсуф Мунши

1582 жыл

Сары-Арқаның қалмақтары Бұхар ханы Абдулла мен қазақ сұлтаны Тәуекелден Ұлытау тауында, «Жошыхан» моласының маңындағы Кендерлік, Сырдарья, Сарысу өзендерінен Есіл өзенінің салаларына дейін жеңіліс тапты.

 

Сібір жылнамасы

1591, 1598 жылдар

Көшімнің қалмақтармен қақтығысы

Қазақ ханы Тәуекелдің елшісі

1595 жыл

Тауекел қазақтар мен қалмақтардың ханы болды

1597 жылғы патшалық мадақтама

1596 жыл

Көшімнің адамдары қалмақтың адамдарымен соғысты

Тары қаласы әскер басының хабары

1598 жыл

Оңтүстіктен 500 қалмақ Обтың жоғарғы жағына көшіп келді.

Хондиус картасы

1606 жыл

 Югориядан шығысқа қарай, солтүстіктен мұхитқа таяу қолмақтар (Colmak), ал Еділ мен Жайықтың шығысынан Ембінің жоғарғы бетінде қалмақ татарлары (Kalmucki Tartari) және олар одан әрі шығысқа қарай тұрады

Герритс картасы

1613 жыл

Оралдан шығысқа қарай Каспий теңізінің солтүстігінде, түркімендермен  қатар қалмұқтар (kalmucki) тұрады.

Үлкен сызба кітап (XVI ғасырдың екінші жартысы)

1627 жылдан бұрын

Кендерлик пен Сарысу (Улытау аймағы) өзендерінің арасында қазақтың көшпелі ордасы, сондай-ақ, қалмақтар

 

Осыншама көптеген куәліктер мен XVII  ғасырдың тек бірінші жартысында Дешті-Қыпшақта ойрат-қалмақтар пайда болды деген нақты мәліметтер XIV-XVI ғасырлардағы ойраттардан шыққан бүгінгі қалмақтар бір еместігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Қалмақтар ойрат-қалмақтар келместен бұрын XIV-XVIғ. шығыс Дешті Қыпшақта болған. Біз бұл жерде И.И.Дремовтың қалмақтар монғол тілін сақтап қалған деген ойымен келіспейміз [7, 110]. Берілген ой дәйектелмеген. Әуел бастан қалмақтарды ислам дінін қабылдамаған көшпенділер деп атаған. Қалмақтардың географиялық көрсеткіштері бойынша қазіргі Қазақстанның Ембі өзенінен батыс аумақта өмір сүргендігін нақтылайды. Олардың иелігінің құрамына Ұлытау, Сарысу мен Кендерлік өзендерінің аралығы, солтүстікте Солтүстік Қазақстан мен Сібір кірді. Бірақ қалмақтар ұйымдасқан саяси күшті болған жоқ (Қазақ хандығы және ноғайлармен салыстырғанда), бұл солай ислам дінін қабылдамаған көшпелі халық болды. Сондықтан да қалмақтар біресе Қазақ хандығының, біресе Сібір хандығының, біресе Ноғай Ордасының құрамына еніп отырды. Олардың осы хандықтардың қайсысына енуі аталмыш елдердің күш-әлеуетінің мықтылығына байланысты болды. Тағы да айта кетерлік жайт, ақ қалмақтар – түркі тілдес телеңгүттер (телеуттер) деп аталды, [14, 623]. Ал алтайлық түркі халықтары алтай, бий немесе таулы қалмақтар немесе екіжақты-қалмақтар деп аталды [9, 147].

Сондай-ақ, осы жерде И.И. Дремовтың пікіріне XV ғасырдың басында Иоганн Шильтбергер татарлардың үш негізгі түрінің біреуі ретінде таныған «қайтақтар» (джамбойлық және монғолдармен бірге) - бұл «Қалмақ» терминінің бұрмаланған жазбасы деген болжамдар қосуға болады.

А.К.Алексеев: «қалмақтарды жиі қалмықтармен (жоңғарлармен) теңдестіреді, бұл мүлде дұрыс емес. Аштарханидтердің ордасында екі этникалық топ та қызмет етті. Оның үстіне Қалмақтар «илатийа» тайпасының құрамына, ал қалмық-жоңғарлар ордаға хан гврдиясын құрайтын, әскери құл (гул) ретінде енді»,- деп жазды [21, 168].

Біздің ойымызша, XIV-XVI ғасырлардағы Қалмақтар бұл кейіннен екі бөлікке бөлінген, ислам дінін қабылдамаған алтынордалық көшпенді халық: Қара Қалмақтар (Қарақалпақтар) және Ақ Қалмақтар (Телеңгіттір, Алтайлықтар), олардың Қарақалпақтары оңтүстікке Орта Азияға кетті (онда 1598 жылдан бастап мәлім), ал кейін қара қалмықтар деп атаған Алтайлықтар, Ойрат-Қалмақтардың қол астында болды.

Түркі тілдес халықтардың фольклорында да қалмақтар туралы айғақтар кездестіруге болатынын атап өткен жөн.

1. Дафтари Чингиз-наме. Исаның ұлы, үйсін Аметыға бағынған халық Қалтақ немесе Берқабақ деп аталды [13, 29].

2. Башқұрт Шежіресі. Мысалға, Башқұрттың Юрматы тайпасының шежіресінде бірінші болып Бұлғарға келген Қалбақтың күйеуі Шибан-хан деп жазылған. Келесі нұсқасында, Юрматаның алтын діңгегі - Айыры Қалбақ руынан Шибан-хан деп жазылған [20, 123]. Басқа башқұрт шежірелерінде безқыбақ, бесқалтақ, бесқалпақ, қалбақ, қалтақ деген халық атаулары жиі айтылады [20, 123-125]. Әуелде біз, Аера Қалбақ шындығында Шибанид, ал оның ұлы Абужай бұл Шибанидтер әулетінен шыққан, танымал ноғай ханы Абоғай деп жорамалдағамыз [19, 138-139].

3. Қазақ Шежірелері. Сондай-ақ, мұнда Айырқалпақ кездесетін Қазақ шежірелерін еске түсіруге болады: «Сабиян (Қазақ, Созақ деген екі ұл туған,  Айырқалпақтың әкесі). Созақтан қарақалпақ халқы, ал Қазақтан -  үш қазақ  жүзінің арғы аталары – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс бастау алады» [2, 45]. Бұл жерде Сабиян Шибанға, ал Айырқалпақ башқұт шежіресіндегі Айыры (Аеры) Қалбаққа өте ұқсас. Сондай-ақ, М.Ж.Көпеевтың шежіресінде: «Қасым ханның балалары әкесінің өлімінен кейін хан тағы мен қалған мұра үшін таласқа түсті. Міне осы кезде көршілес болған  ноғайлықтар, өзбектер, қалмақтар қазақтардың жауына айналды»,-деп жазды [2, 134]. Келесі Қазақ шежіресінде: «Өзара биенің қымыз бөлісе алмай, ұрысып қалған Қазақ пен Қалмақ туған ағайындылар болған»,- деп жазылған [2, 222]. Одан әрі, М.Ж. Көпеев: «ноғайлардың он тайпа одағы ыдырап, олардың жетекшісі Орманбет би өлгеннен кейін, Сарыарқа Қатты-сыбан тұрған қарақалпақтардың қоластына түсті», -деп жазады [2, 74]. Бұл жерде де қара қалмақтардың басында Сыбан (Шибан) есімді адам тұр. Қызығы, қазақ тілінде «айыр қалпақ» қырғыз этносының өкілін білдіреді [22] [23] [24].

«Өтеміс қажының» жалғасынан біз Шибанидтердің біреуін Қалбақ бұға деп атағанын оқи аламыз [15, 65]. Генеалогия бойынша Шибанның ұлы, Бахадұрдың ұлы Құтлық бұқаға теңдестіріледі [12, 104].

4. Қарақалпақ шежірлері: Бір шежіреде: «Қазақ (қазақтың арғы атасы) және Созақ (қарақалпақтардың арғы атасы) – туған ағайындылар [4, 484]. Бұл қарақалпақ шежіресі қазақ шежіресіне өте ұқсас, тек айырмашылығы - Қарақалпақ шежіресінде әкесінің есімі Айырқалпақ емес. 1900 жылғы Хиуада жазылған шежіре қазақ шежіресінің мәліметтерімен толық сәйкес келеді. Ері Қалпақ (қазақтарды Айырқалпақ) Қазақ пен Созақтың әкесі. Қазақтар Қазақтан, Қарақалпақтар Созақтан тарайды [11, 107]. Келесі Қарақалпақ шежіресінде Анес Қазақ пен Созақтың әкесі ретінде жазылған.  Қазақ үлкені және үйленгеннен кейін малдың басым бөлігіне ие болған. Ренжіген Созақ үйден кетіп, ұзақ уақыт қаңғырып, үйге қара бас киіммен оралып, кейін оның өзі де, ұрпағы да қарақалпақ деген атауға ие болғаны туралы айтылған [4, 485]. Шежіренің тағы бір нұсқасында, Анестің екі ұлы, мейрімді Қарақалпақ және Аққалпак болған. Аққалпақтан қазақтар тарайды [4, 485-486]. Сондай-ақ, Қарақалпақ шежірелерінің бірінде қазақтың ханы не Тәуекелге, не Тәукеге бағынған, Ұраны сол кезде мекендеген аймағы Ұлытаумен байланысты, Қытай мен Қыпшақ рулары жайлы айтылады.

Қарақалпақтарды билеген Тәуекелдің ұлы Батыр хан. Қытай руынан қырық Қарақалпақ – нөкерлерлерінің бірі Төбет кеден алымдарын бөлісуде ренжіп, ашумен Батыр-ханды өлтірді. Осыдан кейін қазақтардың кегінен қорқып, қарақалпақтар Ұлытауға қашты. Қытайлардың ұраны (клич), олардың бұрын мекендеген жерінің құрметіне орай Ұлытау деп шықты [11, 39]. Т.А. Жданконың жазғанындай, Қарақалпақтың орнына қолданыстағы қысқартылған Қалпақ термині тарихи эпос пен фольклорда, сондай-ақ, аталған халықтың арғы атасын білідіру үшін, басқа да қарақалпақ генеолгиясында кең таралған [11, 110]. Қарақалпақтардан әкесінің немесе анасының тегі тарағанда, қазақтарда да осылай жай Қалпақ деп аталады [5, 106] [3, 215]

Біз білетіндей, қарақалпақтар жайында тұңғыш рет Сығанақ қаласының маңында 1598 жылы айтылады [11, 134]. Сондай-ақ, Маңғыт руы мен Қарақалпақ халқының атауы синоним ретінде айтылатынын атап өткен жөн [1, 199] [14, 293]. Т.А. Жданко қарақалпақ аңыздарына сай қарақалпақтардың Отаны деп Қырымды, ал арасында қарақалпақтардың арғы атасы өмір сүрген Еділ мен Жайықтың аралығы деп санайды [11, 127].

Қалмақтар XIV ғасырдың басынан белгілі, 1313 жылы Өзбек ханмен  бірге ислам дінін қабылдауға келіспеген алтынордалық көшпенділерді Қалмақтар деп атайды. Өзбек ханның исламдандыру жоспарына қарсы болып, Хорезмге шабуыл жасаған Шибанид Бадағұл болғаны мәлім. Оның ұлы мен інісі Сібірде Күгедей Йасбұға ұлысында билік еткен [18, 34]. Орда – Еженнің ұрпағы билік еткен аталған ұлыс Көк Ордаға енуі мүмкін. Дәл осы кезде Орда Ежен ұлысында Маңғытайдың ұлы Қалақ, әлде Құбақ [17]. Өкінішке орай, 1328 жылдан кейін бізде ешқандай мәлімет жоқ. Қалбақ (осыдан арабша екі бұрмалау Қалақ және Құбақ) деп естіліп, Қалмақ атауы оның есімінен шығуы толығымен мүмкін. Сонымен, Өзбек ханға бағынғандар «өзбектер» деп, ал Қалбаққа бағынғандар қалбақтар (қалмақтар) деп атала бастады. Қалмақтар ауыспастан, дәстүрлі ғұрыптарын сақтап қалды. XVI ғасырдағы қалмақтар туралы мәліметтерді И.И. Дремов өте жақсы талдады. Ол кезде Қалмақтар Ұлытау ауданында мекендеді. 1595 жылғы мәліметке сай, Тәуекел соғысқан қалмақтар (1585 жылы солардан оның ағасы, Ораз-Мухаммедтің әкесі Ондан қаза тапты [16]) мен оның ағасы Шах-Мұхаммед билік еткен қарақалпақтар еді. Тәуекел хан қарақалпақтарға исламды уағыздаушы Қара–шейх пен Сары – шейхты жіберді [11, 44]. Шах-Мұхаммедтен кейін, қарақалпақтарға Тәуекелдің ұлы Батыр хан билік жүргізді. Қарақалпақтардың қара қалмақ пен ақ қалмаққа бөлінуі Сібірді орыстардың, 1598 жылы Ораз-Мұхаммедтің (Ноғай Ордасының билеушісі фольклорда көбіне Орманбет ретінде мәлім) өлімінен, қалмақтарды Тәуекелдің жаулаушылығынан кейін болуы мүмкін. Сондықтан, қалмақтардың бір бөлігі Қарақалпақ деген атаумен (м-ның б(п)-ға ауысуы мейлінше жиі кездесетін жәйт) белгілі болып, оңтүстікке кетуге мәжбүр болды. Мұндай Қара деген тіркесті тарихта өз Отанынан Жетісуға кеткен Қарақытайлар алды. Батыстан шығысқа жылжыған Қалмақтардың келесі бөлігі «ақ қалмақтар» ойраттарға бағынуға мәжбүр болды. Аталған болжам, Еділ мен Жайықта уақытша орналасқанына қарамастан, қарақалпақтар туралы қандай да бір мәліметтің жоқтығын түсіндіреді.

 

Жақсылық Сәбитов.

 

Абай.kz 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абусеитова М.Х. Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в 13-18 веках. Алматы. 2001. 426 с.

2. Артыкбаев Ж.О. Казахское шежире: источник и концепция истории Великой степи. Астана: «Алтын Кітап», 2012. 495 с.

3. Артыкбаев Ж.О. Среднее Прииртышье в контексте проблем истории Евразийских степей.Том 1. Павлодар. 2007. 267 с.

4. Археологические и этнографические работы Хорезмской экспедиции 1945-1948.  Том 1. Москва. 1952. 652 с.

5. Бейсенбайулы Ж. Қазақ Шежіресі. Алматы. Атамұра. 1994. 160 с.

6. Дрёмов И.И. Калмаки Дешт-и Кыпчака XV-XVI вв. и средневековая Русь//Древняя Русь. Вопросы медиевистики. 2014. № 3 (57). С. 129-137.

7. Дрёмов И.И. Калмаки Средней Азии XIV-XVI веков//Вестник Прикаспия: археология, история, этнология. 2012. № 3. С. 104-117.

8. Дрёмов И.И. Калмаки XIV-XVI веков между Волгой и Иртышом и Калмыцкий эпос «Джангар»//Проблемы истории, филологии, культуры. 2013. № 1 (39). С. 317-329.

9. Екеев Н.В. К проблеме образования алтайского этноса//Вестник Северо-Восточного федерального университета им. М.К. Аммосова. 2013. Т. 10. № 5. С. 146-151.

10. Екеев Н.В. Об ойратах и калмаках периода средневековья и Нового времени (Исторические факты и их интерпретации)//Казахское государство и евразийское пространство: история и современность. Сборник материалов XI Евразийского научного форума. Астана. 2014. С. 121-126

11. Жданко Т.А. Очерки исторической этнографии каракалпаков. М., Изд-во АН СССР, 1950.г. 172 с.

12. История Казахстана в персидских источниках. Том 4. Алматы. Дайк-Пресс. 2006. 620 с.

13. Исхаков Д.М. К вопросу о западных пределах улуса Шибана и его потомков//История, экономика и культура средневековых тюрко-татарских государств Западной Сибири. Материалы II Всероссийской научной конференции (Курган, 17–18 апреля 2014 г.) / отв.ред. Д.Н. Маслюженко, С.Ф. Татауров. – Курган: Изд-во Курганского гос.ун-та, 2014. C. 28-31.

14. Миллер Г.Ф. История Сибири. Том 1. Москва. Восточная литература РАН. 1999. 630 с.

15. Миргалеев И.М. Сообщение продолжателя «Чингиз-наме» Утемыш-хаджи о поздних Шибанидах //История, экономика и культура средневековых тюрко-татарских государств Западной Сибири. Материалы II Всероссийской научной конференции (Курган, 17–18 апреля 2014 г.) / отв.ред. Д.Н. Маслюженко, С.Ф. Татауров. Курган: Изд-во Курганского государственного университета, 2014. C. 64-66.

16. Сабитов Ж.М. К вопросу об обстоятельствах появления Ураз-Мухаммед и Кадырали Жалаири в Сибири//Сибирский сборник. Выпуск 2.  - Тобольск: изд-во ТГСПА им. Д.И. Менделеева, 2012. С. 76-79

17. Сабитов Ж.М. К вопросу о генеалогиях потомков Орда-ичена XIV века// Золотоордынская Цивилизация. Выпуск 7. в печати.

18. Сабитов Ж.М. Улусы Шибана и Шибанидов в административной структуре Золотой орды в XIII-XIV веках//История, экономика и культура средневековых тюрко-татарских государств Западной Сибири. Материалы II Всероссийской научной конференции (Курган, 17–18 апреля 2014 г.) / отв.ред. Д.Н. Маслюженко, С.Ф. Татауров. Курган: Изд-во Курганского государственного университета, 2014. C. 31-38.

19. Сабитов Ж.М. Ханы Ногайской Орды//Средневековые Тюрко-татарские государства. Выпуск 1. Казань 2009. С.138-141.

20. Юсупов Ю.М. История Башкортостана XV-XVI веков. Уфа: Гилем, 2009. 192 с.

21. Алексеев А.К. Политическая история Тукай-Тимуридов: По материалам персидского исторического сочинения Бахр ал-асрар. Санкт-Петербург. 2006. 229 с.

22. http://kazaitys.kz/kz/article/view?id=838

23. http://www.writers.kz/journals/?ID=10&NUM=119&CURENT=&ARTICLE=3509

24. http://baq.kz/news/4498

0 пікір