Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 04:43

ШҚО-да тасқын судан малдары зардап шеккен ауыл тұрғындарына несие бөлу басталды

Астана. 10 мамыр. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысының тасқын судан малдары зардап шеккен тұрғындарына бүгіннен бастап несие беріле бастайды, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл туралы ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаевтың Шығыс Қазақстан облысына сәуірдің ортасында жасаған сапарында мәлім етілген.

«Ауыл тұрғындарын несие беру 10-шы мамырда басталып, Шығыс Қазақстан облыс әкімі аппаратының арнайы тобының қызметкерлерінің бақылауында болады», - делінген ақпараттық парақшада.

Ведомствоның мәліметтерінше, өлген мал үшін мемлекет Т1 млн 400 мың несиені 5 жылға 2%-дық жылдық мөлшерлемемен беретін болады. А. Күрішбаевтың айтуынша, бұл сомаға 13 қой, 10 сиыр мен 3 жылқы сатып алуға болады. Тұрғындар несиені алған соң, тек екінші жылдан оны қайыруды бастайды.

Одан басқа, ШҚО әкімінің ұсынысымен несие тек ақша түрінде емес, мал түрінде де берілетін болады. Бірақ ақпараттық парақшада, «тірі» заемға пайздық мөлшерлеме қалай есептелетіні айтылмаған.

0 пікір