Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 11224 0 пікір 24 Мамыр, 2014 сағат 11:20

КӨКЖАЛ СМАҒҰЛ

Соңғы кездері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Қазақ» деп атой салған арландар турасында жазбалар көбейді. Бұл әрине уақыт талабы. Қаныбек кім? Сабыр кім? Баха фестивал ше? Сары Алмаз қайда? Көзі қарақты оқырман олар туралы там-тұмдап болсада біледі.

Біреуі көзіне шел біткен шешендерді жөнге салып, Алматыны алақанында ұстапты. Біреуі қазақты тонағысы келген шетелдің «иттерін» шекарадан ары асырып қуып тастапты. Әйтеуір, мемлекетқұрушы ұлттың ұпайын түгендеуден ешқайсысы да аянбаған екен. Сол уақыттарда «содыр», «қарақшы» атанған көкжалдардың бізге жеткен бірер ауыз сөзіне қарасаң,  көзіңе жас толады.  

–       Әр жігіт өз ауылы үшін қолынан келген жақсылығын жасаса біздің Қазақ Республикасы дегеніне жететіне мен толық сенемін. Шымкентке қарасаңыз барлық сауда орындарының құлағында өзбектер отырып алған. Олардың асханаларында ыдыс жуып, еден жуып жүргендер қазақтың қаракөз қыздары. Тіпті, сұрастырып келсең туысқаның ғой. Қазақ неге өз жерінде, өз елінде дұрыс тірлік істей алмайды. Өз елінде өзі қожа екенін сезінетін «атмосфера» жасау керекпіз. Ол үшін жігіттер бірігіп, сес болуы қажет, - дейді Сабыр марқұм.

–        Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын. ...Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді, - дейді Несіпбай(Сары Алмаз).  


–       Біз ол кезде руға, жүзге бөлінген жоқпыз. Бәріміз қазақ болдық. Өз елімізді, өз жерімізді басқа келімсектерге билеткізген жоқпыз және билеткізбейміз де. Бәріміз арлан бола алмаспыз, бірақ шүйебөрі болмайықшы, - дейді бұл күнде көзі тірі ел ағасы Сабыржан Махметов.

 Осындай ұлағатты ойда болған, ұлт намысы үшін басын оққа байлаған азаматтардың қалай ғана «Қарақшы» атанып, түрмеге тоғытылып, досы мен жауының қолынан жер жастанғанына қаның қайнайды.

Бүкіл Оңтүстік өңірді уысында ұстап, Алаштың рухын аспандатқан Сабыр Мүсілімұлының жоғарыдағы сөзі әлі де бір сәт күн тәртібінен түскен жоқ. Көше сыпырып жүрген кім? Базарда арба сүйреп жүрген кім? Зарлап жүрген кім? Жылап жүрген кім? Жауабы – біреу-ақ. Ол – қазақ. Бар-жоғы 17 миллион қазақтың басын қоса алмай жүргенде біздің ел.

Жақында ғана сонау Қытайдағы Іле қазақ автономиялы облысынан 2 азамат келді. Біреуі аты мәшһүр, ережесіз төбелесітң майталманы -  Жұмабек Тұрсын. Біреуі Сымағұл Дәулетұлы. Екі азамат та қазақтың бүгінгі бөрілері Назаровтардың шақыруымен елге келіпті. Біраз әңгімелестік. Миллиардтың ішінде жүрседе сағы сынбаған қос көкжалдың мінезіне риза болдық. Отан шекарасын аттағаны бірінші рет болсада Жұмабек батыр елге оралатындығын айтып, ағыл-тегіл ақтарылып сөйледі. Ал Сымағұл ше? Бұл жігіт туралы былайғы жұрт аз біледі. Тіпті ақпарат жоқтың қасы. Біраз жұрт «Сымайыл» деп атайын көрінеді. Кейін білдік. Тіпті бізбен қоштасып кеткен соң ол туралы талай дақпыртты елден естідік.

«Үрімжінің ұйғыр, қазағы оның бір ауыз сөзінен шықпайды екен», «Әнеу бір қысық көзді қыңырайтып тастапты», «Мінеу бір көк көздің көзін ашыпты», «Ақшасын алдыртқан қазақстандыққа тиынын қалдырмай төлетіп беріпті»... Әйтеуір құрығы жеткен жерде қазақтың намысын ешкімге таптатпаған екен. Атажұрттағы арландардың да азуласы көрінеді. Бастысы, нағыз Алаштың азаматына тән тірлік істеп жүрсе керек.

Сөйткен Сымағұл кім дейсіз ғой? Ол - 1985 жылы 20 сәуірде Үрімжі қаласының маңындағы Еренқабырға өңірінде  дүние есігін ашыпты. Бастауыш мектептен бастап, спортты серік еткен Смағұл  жапонша күрестен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, 14 жасында Ішкі Қытайдағы Хұң шан Спорт мектебіне ерекше ұсыныспен қабылданыпты. Іле-шала Шыңжаң командасының сапында өнер көрсетіп, біраз биіктерді бағындырған екен. Жапонша күрес түрінен 5 алтын медал, 2 күміс, бір қола медал еншілеген ол мемлекет дәрежелі спортшыға айналып үлгеріпті. Белгілі себептермен олимпиадаға қатыса алмай қалған Смағұл ортада біраз жылдар үзіліп жасап, ендігі бағытын ережесіз төбелеске бұрса керек.

Бұларды айтып отырғанымыз қайда жүрседе қазақтың намысын биік ұстаған азаматтар жадымызда жүрсе екен, атағын аспандатып, алақанымызға салсақ екен деген ой. Шын мәнінде, әлемдегі бар қазақтың баласы ту көтеріп, түгел атқа қонбасада, жүрек жұтқан бөрілері бір үйірге қосылса Алаштың туы қайта көтерілер еді. Қазақтың рухы қайта аспандайтын еді.

Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға ал деуден аулақпыз. Дегенмен көршінің ауласы өртеніп жатқанда, тұлпарымыз байлауда, қалқанымыз сайлауда болғаны жөн.

Ол үшін әрине Смағұл сынды көк бөрілердің көп болғаны керек...

Хазірет Әбділда

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620