Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4000 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 10:41

ЕАЭО АЯСЫНДА ОРТАҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ БОЛАДЫ

Еуразиялық экономикалық одақ аясында зейнетақымен қамсыздандырудың арнайы тұжырымдамасы жасалады. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуі барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі хабарлаған. Baq.kz-тің жазуынша Аталған тұжырымдама биыл шілде айына дейін әзірленуі қажет екен.

 Тимур Жақсылықовтың айтуынша, құжат Қазақстан, Ресей және Беларустың зейнетақы жүйелерін үйлестіру үшін қажет. Себебі, одақ құрылғаннан кейін оған мүше елдер арасында тауарлар мен қызметтерден бөлек жұмыс күшінің еркін жылжуына мүмкіндік ашылады.  Вице министр « Бiздiң азаматтарымыз еркiн түрде бiр елден екiншi елге қоныс аударған кезде зейнетақы салымдарын жоғалтпайды. Бұл мәселелердiң барлығы ең алдымен зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тұжырымдаманы жасағаннан кейiн келiсiм-шарт әзiрлеу арқылы шешiледi. Әзiрге мұндай құжаттар жоқ, дегенмен ол туралы келiсiм жасалды.» - деп мәлімдеген.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1560
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503