Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3805 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 11:34

Порошенко Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға ниетті

 

Украина президенттігіне  үміткер Петр Порошенко Киевте бірінші баспасөз конференциясын өткізіп, жаңа сайланған мемлекет басшысының алғашқы қадамдары қандай болмақ екенін, оның Ресеймен қалай қарым-қатынас орнататыны және Н.Назарбаевпен байланысы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап берген. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Порошенко Украина президенті болып сайланса немен айналысатыны жайлы айтқан. Соның ішінде, Украинаның жаңа көшбасшысы Қазақстанмен байланысты дамыту керек деп санайды. Петр Порошенконың сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметі жоғары және Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Ол өз сөзінде: «Мен Қазақстанға Кеден Одаққа қатыссыз-ақ қуана келемін. Бізде екіжақты ынтымақтастықтың шешуді қажет ететін көптеген мәселелері бар. Экспорт, сауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолға алатын істер көп. Меніңше, Қазақстанмен байланыс жасау Украина Президентінің бірінші кезекте қолға алатын басымдықтардың бірі», - деген.

Естеріңізге салатын болсақ, соңғы ақпараттарға сай Украинадағы президент сайлауына дауыс берушілердің 60 пайызы қатысты. Бірінші кезеңнің алдын ала қортындысы бойынша Петр Порошенко 55,9 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Екінші орынды иеленген Юлия Тимошенко 12,19 пайыз дауыс жинаған. 

 

Абай-ақпарат 

0 пікір