Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4678 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 11:06

МАРАТ ТӘЖИНГЕ РҒА ДИПЛОМЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

 

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі М.Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 26 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының  құрметті шетелдік академигі атағына ие болды. Дипломды табыс ету рәсімі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ғимаратында өткен.

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті Лидия Иваницкая марапаттау рәсімі барысында қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, осы үдерісте ғылымның ерекше орын алатынына назар аударды. Оның пікірінше, М.Тәжинге берілген шетелдік академик атағы, Елшінің екі ел ғалымдарының қауымдастығы арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ доктор және академик атақтары бар казақстандық дипломаттың социология ғылымын дамытуға тигізген зор үлесінің белгісі.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір