Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 04:38

Алматыдағы кафелердің бірінде автоматтан екі адамды атып өлтіріп және біреуін жарақаттаған қылмыскерге іздеу жарияланды

Алматы. 11 мамыр. ҚазТАГ - Қалалық полиция дүйсенбі күні Алматының Алмалы ауданындағы кафелердің бірінде автоматтан екі адамды атып өлтіріп және біреуін жарақаттаған қылмыскерге іздеу жариялады.

Белгілі болғандай, бұл қанды оқиға түн ортасы мен түнгі бірдің арасында Тлендиев көшесіндегі «Рүстем» кафесінде орын алған.

Басы мен арқасынан алған жарақаттан 23 жасар Алматы облысы Сарқанд ауданының тұрғыны оқиға орнында қаза болды, ал бұрындары алаяқтығы үшін сотталған 24 жасар Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны ауруханаға бара жатқанда қаза болды. Оған бес рет автоматтың оғы тиіпті. Аяғынан жарақаттанған үшінші адам ауруханаға жатқызылды.

Нақтыланбаған деректер бойынша, 7,62 калибрлі автоматтан атылған оқ саны оннан кем болмаған.

Оқиға себептері туралы хабарланбайды. Бірақ құқық қорғау органдарындағылар мұны қылмыстық «дау-дамай»деп болжап отыр.

Полициядағылар тергеу мүддесіне сілтімілеп, оқиғаның егжей-тегжейін айтпай отыр. Сонымен қатар қылмысты ашу мен қылмыскерді ұстау үшін қалалық ІІД-де арнайы топ құрылғаны хабарланады.

0 пікір