Жексенбі, 23 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 3191 0 пікір 28 Мамыр, 2014 сағат 10:13

12 ТОННА ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

 

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше 6 елдің есірткіге қарсы күрес полициясы қызметкерлері арнайы операция аясында тәжік-ауған шекарасында 12 тонна есірткі тәркіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Оңтүстік қақпан» шартты атауымен ұйымдастырылған операция 5 күнге жалғасқан. Мұндай ауқымды шараны ҰҚШҰ-ның Есірткіге қарсы операция орталығы алғаш рет бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан  арнайы қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Операция барысында 10 тонна ауған опиаты, 900 келі гашиш, 250 келі героин және шамамен 700 келі марихуана тәркіленді. Аталған іс-қимылға Қазақстанның арнайы қызмет орындары белсене қатысқан.

Абай-ақпарат

0 пікір