Жұма, 28 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 6208 0 пікір 28 Мамыр, 2014 сағат 11:47

БИЫЛҒЫ ПІТІР САДАҚА 200 ТЕҢГЕ

Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекіткен. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.  

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан алқалы жиында қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін білікті имамдарды тарту мәселесі де талқыланған. Сондай-ақ жиын барысында Бас мүфти республика бойынша мешіттерде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан орталықтандырылған онлайн дәріске жамағаттың толыққанды қатысуын, онлайн нүктелер санын (ауылға дейін) көбейтуді, әрі сабақтың сапалы, сауатты өтуін қадағалауды өкіл имамдарға тапсырды. 
Естеріңізге салатын болсақ биылғы жылы Рамазан айы Маусымның 27сі күннің батуымен басталады. Мұсылман қауым 28 маусымнан бастап бес парыздың бірі қасиетті Рамазан айында ораза тұтады. Биылғы оразаның алғашқы сәресі дастарханына дейін 1 ай 2 күн қалды.

Абай-ақпарат

 

0 пікір