Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4899 0 пікір 29 Мамыр, 2014 сағат 12:32

ЕГИПТТЕ ГЕНЕРАЛ СИСИ 90% ДАУЫС ЖИНАДЫ

Египеттің мемлекеттік ақпарат құралдары елдің  бұрынғы қорғаныс министрі Абделя Фаттаха Сисидың президенттік сайлауда 90% дауыс жинағаны туралы хабарлады.  Бұл туралы BBC жазып отыр.

Сайлаудың қосымша күні және демалыс күні болғанына қарамастан сайлауға 45%-дан аз сайлаушылар қатысқан. Сайлау 26-27 мамыр күндері өтуі тиіс болатын. Сайлаушылар белсенділік көрсетпегендіктен сайлау уақытына тағы бір тәулік қосылған еді.

Президенттік постқа кандидат Генерал Сисидың басты бәсекелесі 2012 жылғы президент сайлауына да қатысқан, «теңдік» партиясының өкілі Хамден Сабахи болатын.

Енді Египеттің Мухаммеда Мурсиден кейінгі президенті Абдул Ас-Сиси болмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір