Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4994 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 10:43

"НҰР ОТАН" аппаратының мәжілістегі басшысы ауысты

Мұхтар Ерман ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппараты басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  аталмыш партияның ресми сайтына сілтеме жасап. Осы тағайындауға дейін Мұхтар Ерман  "Еуразия+ОРТ" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

М.Ерман бұған дейін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында бес жылға жуық жұмыс жасады: партияның Орталық аппараты басшысының орынбасары, партия Төрағасының бірінші орынбасарының хатшысы және кеңесшісі болды. Ол өз еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Әр жылдары "Алматыжарнама" мемлекеттік кәсіпорынында директор, "Асар" республикалық партиясы" РҚБ Орталық аппараты хатшысының орынбасары, хатшысы қызметтерін атқарды. Мұхтар Ерман Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі.

Ал, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппараты басшысы қызметін атқарып келген Ақылбек Ихданов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметінен босатылды.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір