Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 7211 0 пікір 3 Маусым, 2014 сағат 12:06

«ПРИХВАТИЗАЦИЯ»

1990 жылдардың басындағы жаппай жекешелендіру ел аузында «прихватизация», яғни «басып қалу», «заңсыз алу» деген мағынада қолданылған болатын. Өйткені оған дейін   мемлекеттік меншікке басыбайлы байлаулы болған бұқара халық аздаған жылдардың ауанында барынан айрылып қалды. Кедейленді. Дүние-мүлікті бұрынғы партия билігіндегі айғыр жалды топ иеленіп кетті.  Қысқасы, шаруашылық секторларын либералдандыру саясаты  басталысымен өндіріс орындары мен ұжымшарлар, кеңшарлар, ғимараттар, т.б. жекелеген қожайындардың меншігі болып шыға келді. Енді міне, жекешелендірудің соңғы науқаны аяқталмақ. Бұл жекешелендіру Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына толықтырулыр мен өзгертулерге байланысты 2014-2016 жылғы кешенді жекешелендіруді бекіту» деп аталатын шешіміне (қаулысына) орай жасалып жатыр.

Қазақстанда осыған дейін жекшелендірудің екі кезеңі болып өтті.

Бірінші кезең, 1991-1992 жылдары өтті. Бұл  кезеңдегі жекешелендіру кәсіпорындарды еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне берумен, сауда және қызмет көрсету объектілерін, оның ішінде тұрғын үй купондары үшін сатумен аяқталды.

Екінші кезең, 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кездегі жекешелендірудің мақсаты – Мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті тегін және ақылы негізде өндірістік объектілер мен мемлекетке тиесілі басқа да материалдық және материалдық емес активтерді қайтару процесінде меншік құқығын дербестендіру болды.

Енді, міне, үшінші әм соңғы кезең. Бұл жекешелендіруге байланысты әзірге Үкімет нақты бір түсінік беріп отырған жоқ. Соңғы жекешелендіру қалай өтеді, жекешелендірілетін нысандар ашық аукционға түсе ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Көзіміз шалғаны – жуырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы әлдебір қожайынның меншігіне өтпек. Қазақ ұлттық энциклопедиясы отырған қазіргі ғимаратты да (Алматы қаласы, 8 ықшам ауданы, 19 А үй) бір кісі иеленбек. «Қазақ газеттері» мен «Жас Өркен» ЖШС-і де жаңа қожайынның қолтығында жүрмекші. Әйгілі велошабандоз Винокуров атындағы велосипедшілер клубы да жекенің меншігіне өтпек. Жекешелену сондай-ақ, барлық облыстарда жалғасады. Оның бәрін мына сілтемеден көре аласыздар:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000429    

Abai.kz

0 пікір