Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Билік 5001 0 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 15:29

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" МҮШАЙРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНАДЫ

 Конгресс-Холл сарайында Қала күні мерекесіне орайластырылған «МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ» поэзия кешінде «Мәңгілік ел» республикалық мүшәйрасы қорытындыланады.

Поэзия кешінде жаңа жыр жауһарларымен толыққан қазіргі қазақ поэзиясының туған ел мен астанаға арналған үздік туындыларды оқылып, байқау жеңімпаздары марапатталады. Сондай-ақ байқау қатысушыларының барлық шығармалары топтастырылған кітап басып шығару, туындыларды жариялау жоспарланған.

 Байқаудың мақсаты өзге елдермен иық тірескен тәуелсіз Қазақ елін және оның ай дидарлы Астанасын жырға қосу, үздік туындыларды жинақтау болса, міндеті байқаудың үздік туындыларын кеңінен дәріптеу, жүректен шыққан әсерлі шығармалар арқылы келер ұрпақ бойына туған елге, астанаға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату. 

Ұйымдастырушылар байқау қатысушыларынан поэзия парақтарында алтын әріппен өрнектелетін қайталанбас, әсерлі туындылар күтетіндігін айтады.

 

Baq.kz

0 пікір