Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 6528 1 пікір 9 Маусым, 2014 сағат 07:50

Ер Жәнібек – 300 жыл

Баспасөз баяны

Қазақ даласы үшін  жан аямай күрескен батыр бабаларымыздың рухын ұлықтау, ас беру, баһадүр ерлеріміздің тарихи рөлін  ғылыми-біліми тұрғыдан насихаттау іс шаралары Қазақстанның тәуелсіз кезеңінде еркін жолға қойылды. Осындай ел рухының мерейлі шағында – биылғы 2014 жылы, қазақ жерін шапқыншылардан азат етуде ерен ерлік көрсеткен әйгілі қазақ батыры Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792 жж.)  туғанына 300 жыл толып отыр.

Жәнібек сынды батырлар рухын ұлықтау – жас ұрпақты отан сүйгіштік рухқа тәрбиелейтін бағалы оқулық іспетті. Олардың есімін көтеру, оны келер ұрпаққа аманаттау – тәуелсіздік тұғырымызды одан ары бекемдеп, «Мәңгілік ел» мұратына жетуімізге айқын бағдар, жалынды рух сыйлайды.  

Осы орайда, Республикамыздың жер-жерінде аталып жатқан мерейтой аясында Астана қаласында да арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нақтылы күнтәртібі төмендегідей:

  • 17 маусым. 17:00 сағатта – Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында  Ер Жәнібек рухына арналған ақындар айтысы.
  • 19 маусым. 9:30 сағатта - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
  • 13:00 сағатта - Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған арнайы ас.
  • 14:30 сағатта - Ер Жәнібек атындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «белбеу күресінен» Республикалық біріншілік (чемпионат) пен Қазақ күресінен өтетін түйе палуан жүлдесінің  басталуы.

–       15:30-сағатта - Қоянды ауылы орталығындағы «Ер Жәнібек бақшасына» қойылатын батырдың атқа мінген тұлғасы орнайтын ескерткіштің ірге тасын қалау рәсімі.

–       Қоянды ауылының орталығынан  алынған «Ер Жәнібек көшесінің» тұсаукесер салтанаты. Батыр рухына арналған әдеби-музыкалық кеш.

–       19: 00-де жалпы қорытынды.

Салтанатты шараға ҚР парламент мәжілісі депутаттары, Ақмола облысы әкімдігі, ҚР дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшылары мен әлем чемпиондары, ақын-жазушы, ғалымдар, Целиноград ауданы әкімі, шетелден келген сыйлы қонақтар қатысады деп күтілуде.

 

 

«Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры»

Ұйымдастыру комиссиясы

 

Астана қаласындағы байланыс тел: 8-701-7499842, 8-701-6189990

1 пікір