Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2941 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 07:05

Салық комитеті 15 мамырға дейін ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру туралы күші жойылған куәліктерді қалпына келтіреді

Алматы. 7 мамыр. ҚазТАГ - ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті 15 мамырға дейін салық төлеушілердің қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне тұру туралы күші жойылған куәліктерін қалпына келтіреді, делінген «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) хабарламасында.

«Салық комитетінің хатына сәйкес, ... аймақтық салық органдарына жетекшілері (құрылтайшылары) жұмыс істемейтін заңды тұлғалардың басшылары немесе жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер болып табылатын ҚҚС төлеушілерге қатысты ҚҚС бойынша есепке алуды тоқтату туралы нұсқау берілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, іс жүзінде бұл мыңдаған шағын және орта кәсіпорынның қызметін тоқтатуға алып келді. Алматы қаласы бойынша ғана ҚҚС бойынша есептен 16 мың ШОБ субъектісі есептен шығарылды.

«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасына өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша кәсіпкерлерден көптеген шағымдар түсе бастады.

«Атамекен» Одағы бұл проблема туралы ҚР үкіметіне жазбаша түрде жеткізді. ҚҰЭП позициясын ҚР бас прокуратурасы қолдап шықты, делінген хабарламада.

«Қолға алынған шаралардың нәтижесінде ҚР ҚМ салық комитетінің төрағасы Д. Ерғожин биылғы жылдың 28 сәуірінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының салық департаменттеріне ... 2010 жылдың 15 мамырына дейінгі кезеңде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне алу туралы салық төлеушінің күші жойылған куәліктерін қалпына келтіру туралы бұйрыққа қол қойды», - делінген хабарламада.

0 пікір