Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Анық 6023 0 пікір 17 Маусым, 2014 сағат 11:05

ҚАЗАҚСТАН: ОФФШОРҒА КЕТКЕН 140 млрд. ДОЛЛАР!

 

Қазақстаннан 10 жыл ішінде оффшорға 140 миллиард доллар шығарылды, деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.  

"Халықаралық сарапшылардың пікірінше, кейінгі он жыл ішінде Қазақстаннан капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы 140 млрд. долларды құраған. Жеке тұлғалар жыл сайын шамамен 1,5 трлн. теңге шығарады, тек 2013 жылы қайтарылмаған валютаның жалпы көлемі 200 млн. долларды құрады", - делінген хабарламада. 

«Қазақстан жаңалықтары» жазуынша, кейінгі үш жыл ішінде экономикалық қылмыстарды анықтауда тұрақты өсу динамикасы байқалады. 2013 жылы 7 165 қылмыс тіркелген, оның ішінде 83%-ын қаржы полициясы органдары, 712 қылмысты ішкі істер органдары анықтаған. Қылмыстан келген зиянның анықталған сомасы 220,9 млрд. теңгені құрады. 102,9 млрд. теңге көлеміндегі зиянның орны толтырылды (2012ж. -  28,2 млрд.). 

Қылмыстар құрылымында жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау, экономикалық контрабанда, салық төлеуден жалтару фактілерімен байланысты әрекеттер басым көрінеді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір