Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3119 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 07:49

Орал драма театрында ҰОС ардагерлерінің портрет галереясы ашылды

Орал. 6 мамыр. ҚазТАГ - Оралдағы қазақ драма театрында Ұлы Отан соғысына қатысқан оралдық ардагерлердің портрет галереясы ашылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Портреттерде бүкіл батысқазақстандықтар мақтан тұтатын Кеңес Одағының Батырлары Садық Жақсығұлов пен Ахмедияр Құсайынов бейнеленген. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұхтар Әжіғұлов, Қадыр Ғайсин, Алефтина Митрохина, Бисен Жұмағалиев, Иван Гапич, Жәлел Самарханов, Меңжан Әбдірахманов, Хамза Сафин және басқалардың портреттері де бар.

«Оралдық ардагерлердің портрет галереясын құру ойы өткен жылы күзде келген болатын. Қалада аймақтың дамуына үлес қосқан адамдардың суреттері сақталатын портреттік галерея мұражайы болуы тиіс. Жас ұрпақ баға жетпес ерлік көрсетіп, жеңіс үшін жанын аямаған өз батырларын білуге тиіс», - деп мәлім етті көрмені ұйымдастырушылардың бірі, суретші Қуандық Мәдір.

Ұлы Отан соғысының оралдық ардагерлері портреттерінің галереясын жергілікті суретшілер Іңгән Жұбанғалиев, Қуандық Мәдір және Бекжан Жұмабаевтар дайындады.

«Бұл көрме үшін барлығына алғыс айтамыз. Жас ұрпақ бір қалада тұрып жатқан ардагерлерді біліп, олардың еңбегін есте сақтап, бағалап, құрмет көрсеткені жақсы. Біз көрген соғысты олар көрмейтін болсын», - дейді соғыс ардагері Меңжан Әбдірахманов.

0 пікір