Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 6087 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 17:26

ТУҒАН ЕЛІН ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА

Тәуелсіз Қазақстанның символы іспетті Астананың туған күніне де санаулы күндер қалды. Жыл сайын Астана күні мерекесі қарсаңында алған асулар мен шыққан белестерді саралау игі дәстүрге айналды. Табыс өздігінен келмейді. 
Оның да орындаушысы бар. Ол жөнінде алғашқы еңбек жолын Елбасымен бірге бастаған серіктестерінің айтары да аз болмаса керек.

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ, қоғам қайраткері:

– Ең алғаш Нұрсұлтанды домна цехында көрдім. Менің жасым небәрі 17-де, оның жасы 19-да болды. Сол кездің өзінде-ақ Нұрсұлтанның бәрімізден көш ілгері екені аңғарылып тұр­ды. Эрудициясы өте мықты Нұр­сұлтанмен бір мәселе төңі­ре­гінде пікірталаста ешқайсы­мыз да теңесе алмай­тынбыз. Оның білмейтіні жоқ еді. Алайда ол біздің ара­мыздағы лидеріміз болды. Бәріміз оның айтқанын ұйып тыңдайтынбыз. Өйткені ол өте сенімді түрде сендіріп айтатын. «Егер сәл бір мүмкіндік туса, елімді өркендету үшін қолым­нан келгеннің бәрін жасай­мын» дейтін. 

Нұрсұлтан сол мүмкіндікті қалт жібермей, ел игілігі жо­лында іске асырған кемеңгер басшы. Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Ол оңай болмағаны белгілі. Тарихта алып империя ыдырап, оның құрсауынан б­ө­лінген елдердің жеке мемле­кеттің іргесін қа­ламаққа ұмты­лысы сирек болатын құбылыс. 90-жылдары КСРО құрамынан шыққан республикалар дер­бестігін алған сәтте неден бас­тарын білмей біраз дағдарды. Дәл осы тұста қайсар да қажыр­лы, кемел ой иесі Нұрсұлтанның лидерлік қасиеті ерекше бай­қалды. Ол елін тығырықтан алып шығудың алуан жоспарын қарастырды. Халқын қиын­дық­тан алып шығарына сен­дірді. Елі Нұрсұлтандай еріне сенді. Қолдады. Соңынан ерді. Көптің сеніміне ие болу қиын­ның қиыны. Халқы үшін нар тәуе­келге бел байлаған Нұр­сұлтан ел сенімін ақтады.

Ал енді бұл күндері Тәуелсіз Қазақстанды дамыту мен қа­лып­тастыруда шешуші рөлді Президент атқарғандығын еш­кім де жоққа шығара алмайды. Туған жерін түлетуде ол бар мүм­кіндікті қарастыра отырып, сол жолда аянып қалған жоқ. Оны сөзбен емес іспен дәлел­деген қай­сар жанның осы ба­ғыт­та жүр­гізген реформалары жаңа­шыл­дығымен зор мәнге ие. Оны бір біз емес әлемдегі алпауыт ел­дің басшылары да мойын­дайды. Интеграция идеясын бірінші болып айтқан да біздің Президент. Бірыңғай экономи­калық кеңістік күшіне енді.

Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа, тың идеялар мен ұсыныстардың бастамашысы ретінде де өрке­ниет көшін бастаған мемлекет басшыларын мойындатқан бірегей тұлға. 

Ел дамуының басты бағыт­тарын саралағанда жас мемле­кетіміздің қол жеткізген бар­лық жетістіктері Нұрсұл­танның қиын­нан қиыстырар іскерлігі мен батылдығына, тікелей бай­ланысты екеніне еш шүбәңіз қалмайды. Көздегенін орын­дау­­ды ертеңге қалдырмай, дәл ме­зетінде іске асыратын қасиет өзіне сенімді тұлғаға ғана тән. Бұл тұрғыдан алғанда, Нұрсұл­танның қолға алған қай баста­масы да түпкі нәтижесінің тиім­ділігімен ерекшеленуде. Нұр­сұлтан Назарбаев әлемге өзін мойындатқан іскер де көре­ген, көшелі көшбасшы. 

Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Сыртқы істер ми­нистрі қызметінде Президент­пен бірге жарты әлемді шарла­дым. Ұлы Вальтер айтқан екен, «мемлекетті құру үшін бір мық­ты адам болса жеткілікті» деп. Дәл осы сөз біздің Нұрсұлтанға қарата айтылғандай. Мемлекет құрылысын таза ақ парақтан бастаған Президент Батыстың да Шығыстың да тәжірибесін түгел қамтуға тырысты. Қазақ­стан 23 жыл ішінде экономи­калық және әлеуметтік да­муын­да ғажайып нәтижелерге қол жеткізсе, бұл жолда Елбасы сі­ңірген еңбек ерлікпен пара-пар. Елімізде жасалып жатқан жарқын істерді Президент аты­мен байланыстыру заңдылық. Назарбаев Тәуелсіз жас мемле­кеттің экономикалық және сая­­си даму бағыттарының тиімді моделін қалыптастыра білді. Осы­ның арқасында Қазақстан дағдарысты жылдам еңсеруді қамтамасыз ете алды. Елімізде экономиканың жұмыс істеуі мен дамуын жаңа негізде жүргізетін нарықтық институт­тар жүйесі құрылды. 

 

Қазіргі таңда Респуб­лика­мызда индустриялық-иннова­циялық жобалар қарқынды түр­де жүзеге асырылуда. Ма­ңызды жобаларды жүзеге асыру – заман талабы. Елі­міздің әлеуеті зор. Болашақ – бүгіннен де жарқын бола­рына сенім мол.

 

Исмайыл ОРАЗБАЕВ, зейнеткер:

Астананың бас сәулетшісі

Нұрсұлтанмен 1958 жылы Днепро­дзержинскідегі нөмірі 8-техникалық училищеде кездестік. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан об­лысы Ленгір ауданы Қасқасу аулындағы Куйбышев атындағы орта мектепті бітірген бола­тынмын. Бір күні мектеп директоры шақы­рып жатыр деген соң, бардым. Ол кісі аудан орталығында болғанын, 10 сыныпты тамамдаған балаларды Қазақстан Магниткасын игеруге, Теміртауға комсомолдық жолдама­мен жіберетінін айтты. Содан аудан­дық комсомол комитетіне барып жолық­қан едім, мәселенің мән-жайымен түбегейлі таныстырған олар, соңында қолыма жолдама ұстатып жіберді.

Днепродзержинскіде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар жа­тақханаға орналастық. Тәлімгер­ле­ріміз комбинатты аралатып, ар­найы экскурсия жасатты. Үш түрлі маман­дықтың бірін таңдауға бо­латынын түсіндірді. Нұрсұлтан са­бырлы, сал­мақты жігіт болып кө­рінді. Алғашқы сәттен-ақ өзін қы­зықтырған сауал­дарға берілген жауапты мұқият тыңдап, бәрін біл­мекке ұмтылысы таңғалдырған-ды.

Содан бері Нұрсұлтан Әбішұлы бір мен емес, оны білетіндердің бәрін өзгелерден ерекше ойлап, іс тынды­руымен таңғалдырып келе жатыр. Тәуелсіз Қазақстанды әлем­ге танытуда Нұрсұлтан Назар­баев­тың рөлі өлшеусіз. КСРО деген алып империя­дан іргесін бөлектеген жас мемлекеттің қиыншылық құр­сауында шырматы­лып қалмай, еңсесін тез көтеруінде, зор ұйымдас­тырушылық қабілетке ие, Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі ұлан-ғайыр. Оған бүкіл әлем куә.

Тәуелсіздіктің бастапқы кезе­ңін­дегі қиыншылық әлі естен шыға қойған жоқ. Міне, енді бұл күндері Қазақстан қиындықты кері ысырып қана қоймай, өркениеттің көшба­сындағы 50 елдің қатарынан көрініп отыр. Бұл сөз жоқ Елбасының сараб­­дал саясатының нәтижесінде іске асқан игілік. Бәрі де көпшіліктің көз алдында, бәрін тізбектеп жату шарт болмас.

Бір ғана Астананың өзі не тұра­ды! Арқа төрінен бой көтерген әсем қала Астананың көздің жауын алар көкке шаншылған ғимараттары қан­дай көркем десеңізші! Бейнебір ертегі­дей жыл санап емес, ай санап өркен жайған Астананың айбынды келбеті ел экономикасының көр­сеткішіндей көңілді марқайтады. Мұндағы әрбір ғимараттың ар­хи­тектуралық келбе­тінің ерекше, бірін-бірі қайталамайтын сипа­тымен даралануы кімді болса да сүйсінтпей қоймайды. Әрбір нысан­ның архитектурадағы ең озық үлгі­лерге сай болуын басты назарда ұстайтын Астананың бас сәулетшісі де Елбасының өзі.

Астана – Нұрсұлтан Назаарбаев­тың тікелей бақылауымен салынып жатқан қала. Мұны жалғыз біз емес, елімізге табан тіреген шетелдік мей­мандардың кез келгені мойындайды. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің «Астана –Нұрсұлтан Назарбаевтың туған баласы, оның үлкен жетістігі және күмәнсіз мақта­нышы» деуі соның бір дәлелі.

2010 жылы әлем назарын бір сәт Астанаға аударғаны мәлім. ЕҚЫҰ Саммитінің аясында «Астана декла­рациясы» қабылдануымен Астана тарихта мәңгілікке қалды. Ал Сам­мит, сөз жоқ, маңызы айрықша оқ­иға. Италияның премьер-ми­нистрі Силь­вио Берлусскони сол кезде «Сіз адам сенбес жобаны іске асыра алдыңыз!» деп ағынан жарыл­ғанда Нұрсұлтандай Президенті бар барша қазақстандықтар бір марқайып қалған-ды. Ақиқаты да, шыны да сол. Батыстың беделді ұйы­мы­на Азия елдерінен алғашқы төраға болған елміз. Бұл да тікелей Нұрсұлтан Әбішұлының зор беделінің арқасында жүзеге асқан игі шара екені даусыз.

 

Нұрсұлтан Әбішұлының еш­кімге ұқсамайтын басты қасиетінің бірі – ірі-ірі жиындарда, басқосу­ларда жаңа, тың бастама көтеруімен ерекшеленуі. Бұл жолы құрлықтың тұтас қауіпсіздігі жөніндегі баста­масымен өркениет көшін бастаған елдерді тағы бір тәнті еткені белгілі. Қазақстан – Тәуелсіздік жылда­рын­дағы кез келген табысына, көреген Көшбасшысының сындарлы сая­сатының арқасында қол жеткізгені анық. 

Айқын гезеті.

0 пікір