Сенбі, 19 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107199. Жазылғандар — 101822. Қайтыс болғандар — 1671
Дабыл 4729 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 10:14

АҚШ соты:Азаматқа қарсы Баян айғақ береді

Бүгін АҚШ-та Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың ісін қарайтын сот басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат пен Диас – АҚШ-тың Массачусетск университетінде оқып жатқан Қазақстан азаматтары. Ол екеуі 2013 жылы Бостонда болған терактіге қатысты қамауға алынған еді. Оқиғаны нақтылай түсейік.

Негізі терактіні жасаған ағайынды царнаевтардың бірі – Джохар Царнаев және  Азамат, Диас үшеуі қатар оқиды. 2013 жылы сәуір айында царнаевтар жасаған сұмдық істі телеарналардан көріп қалған Диас пен Азамат үш күннен соң Джохар Царнаевтың рюкзагіндегі ноутбук пен пиротехникалық құралдардан ада-күде құтылмақ болып оны қоқысқа апарып лақтырып тастайды. Бұл, әрине, бізге жетіп отырған сөздің ұзын-ырғасы. Оның өзін тергеу амалдарының барысындағы болжам ретінде ғана қабылдаған жөн. Өйткені екі баланың сөзін тыңдап,  жүздескен жан болмай тұр. ҚР Сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын назарда ұстап отырғанын айтса, Азамат пен Диастың ата-анасы ұлдарының жазықсыздығын дәлелдей алмай тек баспасөз өкілдеріне ғана шағынып жүр.

Шілденің 7-сі күні Тәжаяқов пен Қадырбаевтың адвокаттарына сөз тиеді.

Айтпақшы, Азамат Тәжаяқовқа қарсы Баян Күмісқали деген қыз сөз алып, айғақ береді. Егер Тәжаяқовтың қылмысы дәлелденсе, 25 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

АҚШ өкіметі қазақ студенттеріне Бостондағы терактның болуы мүмкін екендігін біле тұра жасырып қалды деген айып тағып отыр.

 

Abai.kz   

0 пікір