Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4543 0 пікір 1 Шілде, 2014 сағат 15:44

17 миллион халыққа 17 млн. тонна астық

Ағымдағы жылы Қазақстанда 15-17 млн. тонна астық жиналады деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім еткен.

Бүгінде жауып жатқан және болжам бойынша таяу күндері жауатын жаңбыр астық шығымдылығы үшін өте қажет. Осы орайда  биыл жылдық орташа немесе одан жоғары деңгейде астық жинау жоспарланып отыр, - дейді Министр Мамытбеков.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы шамамен 15-17 млн. тонна астық жиналуы мүмкін.

Сонымен қатар А. Мамытбеков экспорт көлемі астық шығымдылығына байланысты екенін айта келе, «Бидайды ішкі тұтыну көлемі 6 млн. тонна, оның ішінде 2  млн. тоннасы тұқымға, тағы 2 млн. тоннасы азық-түлік мақсаттарына және шамамен 2 млн. тонна технологиялық өңдеуге және фураждық мақсаттарға бағытталады. Қалған астықтық барлығын сатылымға шығарамыз. Ал оны тиімді өткізу көлемге байланысты»,-деді министр.

Бұл тұрғыда ведомство басшысы елімізде астық шығымдылығы жоғары болған кезде бағалардың төмендеуі жағдайы орын алғандығын еске салып өтті. Осыған байланысты өндіру көлемі мен сату мүмкіндігінің үйлеспеушілігі орын алған еді.

«Бүгінде біз әртараптандыру саясатын жүзеге асырудамыз. Бидайдың егіс алқаптарын қысқарту шаралары жүргізілуде. Ол біздің ішкі тұтыну мүмкіндіктері мен сату мүмкіндіктеріне байланысты түзетіледі. Соңғы жылдары астық бағасы бұрынғыдай құлдырап жатқан жоқ. Сонымен қатар вагондар мен элеваторлардың жетіспеушілігі секілді проблемалар келмеске кетуі тиіс»,-деп түйді А. Мамытбеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3520