Жексенбі, 12 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 58253. Жазылғандар — 33814. Қайтыс болғандар — 264
Билік 5919 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 10:48

Қазақстанның мәдениет күндері АҚШ-та өтіп жатыр

Еліміздің мәдениет күндері АҚШ-тың әлемге танымал "Карнеги Холл" залында «Қазақстан Америкада: Мәңгі даланың сиқырлы әндері» ауқымды концерттік бағдарламасымен сәтті басталды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның отандық өнер майталмандарының концерті Вашингтондағы Кеннеди орталығында жалғасын табады. Бұл шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі АҚШ-тағы елшіліктің, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдік пен Нью-Йорктегі Бас консулдықтың қатысуымен ұйымдастырды. Концерт сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлау науқанының жоғары қарқынға ие болуына, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге орайластырылған.

Концертте БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жұбайымен және бүкіләлемдік ұйым жанынан тіркелген АҚШ-тың ірі қалаларындағы дипломатиялық корпус өкілдері болды.

Abai.kz

0 пікір