Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8147 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 11:22

"Алатау" киноконцерт залы ашылды

Алматыда жаңа «Алатау» киноконцерт залының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шара жаңа мәдени ғимарат орналасқан Алатау ауданының құрылғанына 6 жыл толуына орайластырылған. Бұл туралы Алматы қалалық баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы көлемі 10 034 шаршы метрді құрайтын кешенде концерт залы мен кино залынан өзге: балаларға арналған эстетикалық тәлім беру мен дамыту студиясы, келушілер мен ғимараттағы жұмысшыларға арналған екі буфет, компьютермен жабдықталған зал, қойма орны мен медпункт, киінетін бөлме мен жуынатын орын және т.б. бар. 5,4441 га жердегі құрылыс жұмыстары 2012 жылдың 12 желтоқсанында басталған болатын.

Абай-ақпарат
0 пікір