Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3900 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 03:44

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНСЫЗ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ КҮНІ ҚАРАҢ

Жыл сайын өзінің «тұрақты қонақтарын» шақырып, мемлекет бюджетінің асыранды ақпарат құралдары арқылы төбесі көкке жеткенше мадақталатын Еуразиялық медиа форумның өзі «сөз бостандығы» деген сөзді әрдайым аузынан тастамайды. Биыл да солай болды. Әрине, айтуға оңай әрі аса мәртебелі сөз! Демократ, әділетшіл болып көрінуге тіпті таптырмайтын тақырып. Алайда, бұл шын мәнінде билік маңындағы саясаткерлердің, оны айтасыз, қатардағы саясаттанушылардың  да көтеретін жүгі емес. Олар араласуы мүмкін, бірақ, өкінішке қарай оған ешқашан БАҚ мүдде тұрғысынан келмейді. Керісінше, оны шектеуге, молынан қарпуларына жол бермеуге барын салады. Қалай десеңіз, олай деңіз, ақиқат осы!

Олай болса, мамыр айының ортасында өткелі отырған қазақ журналистерінің тұңғыш Форумында сөз бостандығы мәселесін өзіміз талқылап, салмақты-салиқалы әңгіме өрбітсек деген өтініш айтқым келеді. Осы ұсынысты журналистер қауымына жеткізе отырып, тақырыптың кейбір тұстары жайында ойларымды БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселесін 10 жыл бойы зерттеген маман ретінде қысқаша ғана ортаға салуды жөн көрдім.

Жыл сайын өзінің «тұрақты қонақтарын» шақырып, мемлекет бюджетінің асыранды ақпарат құралдары арқылы төбесі көкке жеткенше мадақталатын Еуразиялық медиа форумның өзі «сөз бостандығы» деген сөзді әрдайым аузынан тастамайды. Биыл да солай болды. Әрине, айтуға оңай әрі аса мәртебелі сөз! Демократ, әділетшіл болып көрінуге тіпті таптырмайтын тақырып. Алайда, бұл шын мәнінде билік маңындағы саясаткерлердің, оны айтасыз, қатардағы саясаттанушылардың  да көтеретін жүгі емес. Олар араласуы мүмкін, бірақ, өкінішке қарай оған ешқашан БАҚ мүдде тұрғысынан келмейді. Керісінше, оны шектеуге, молынан қарпуларына жол бермеуге барын салады. Қалай десеңіз, олай деңіз, ақиқат осы!

Олай болса, мамыр айының ортасында өткелі отырған қазақ журналистерінің тұңғыш Форумында сөз бостандығы мәселесін өзіміз талқылап, салмақты-салиқалы әңгіме өрбітсек деген өтініш айтқым келеді. Осы ұсынысты журналистер қауымына жеткізе отырып, тақырыптың кейбір тұстары жайында ойларымды БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселесін 10 жыл бойы зерттеген маман ретінде қысқаша ғана ортаға салуды жөн көрдім.

Сөз бостандығы - азаматтардың Конституция арқылы кепілдендірілген ең маңызды саяси құқығы екендігі белгілі. Адам баласы үшін өз көзқарасын, сенім-нанымын  баспасөзде, жиын-мәслихаттарда  ашық жариялауға немесе үнсіз қалуына, пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартуына да сөз бостандығы мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сөз бостандығы халықаралық стандарт пен нормаларға негізделеді және пікіралуандығымен тығыз байланысады. Демократиялық қоғамда сөз бостандығын қамтамасыз етудің ең басты мүмкіндігі - жариялылық пен пікір алуандығының шынайы мінберіне айналған азат БАҚ. Осы арқылы ғана азаматтар сөз бостандығы мен өз көзқарасын білдіру құқықтарын жүзеге асыра алады. Шындығына келсек, сөз бостандығынсыз демократия деген атымен жоқ, тіпті болмайды да.

Сөз бостандығы азаматтарға ерекше міндет пен жауапкершілік жүктеумен қатар заңмен үйлестірілген белгілі шектеулерді де алға тартады. Мұның мәні өзгенің құқығын, атақ-абыройын, бет-беделін құрметтеу, елдің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен имандылық үрдістерін қорғауда жатса керек. Форумда мына мәселелерге жіті көңіл бөлінсе:

-  қазақ баспасөзіндегі сөз бостандығының ғылыми-теориялық, әдістемелік негізін саралай отырып, оның ежелгі дәстүрін жаңғыртып практикада қолдансақ және оның өлшемдерін әлемдік тәжірибеге сәйкестірсек.. Сөз бостандығының қазіргі таңдағы құқықтық, экономикалық факторларымен санаса отырып, «БАҚ туралы заңның» орнына «Сөз бостандығын қорғау туралы» заңның қабылдануын Парламенттен талап етсек;

-  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­алаш публицистерінің қазақ баспасөзін қалыптастырудағы үлгі, өнегелері ұлттық демократиялық журналистикамызды дамытудың озық тәжірибесі болып табылатындықтан оны маман даярлау, білім жетілдіру жүйесінде кеңінен қолдану, шығармашылық ұжымдар арасында ұйымдастырылатын семинар-тренингтердің басты нысанына айналдыруды ұсынсақ;

- сөз бостандығының қазақ баспасөзінде ұлттық мүдденің шынайы  жанaшыры ретінде көрініс табуы үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шығарылып келе жатқан «сары» баспасөз элементтерін сапалы басылымдарға, салмақты-салиқалы ақпарат тарататын пайдалы құралға айналдырудың жолдарын қарастырсақ. Сапалы баспасөздің мемлекеттік тапсырыс алуларына мүмкіндік тудыру, қосымша құн салығынан  босату сынды үкіметтік қолдауларды талап етсек;

- сөз бостандығы - демократиялық құндылықтарды жасаушы және журналистің шығармашылық еркіндігін қамтамасыз етуші негізгі фактор болып табылатындықтан  тәуелсіз газеттерді қудалаудың, сот арқылы ірі көлемде айыппұл салып жаптырудың орнына олармен ұлттық мүдде тұрғысынан ортақ тіл табысудың, мәмлеге келудің жолын айқындау, саяси мәдениеттің, еркін пікірталастың әлемдік озық үлгілерін қабылдаудың өзектілігін тану;

- cөзге тоқтай білген ежелгі дәстүрді бүгінгі өркениет қағидаларымен сабақтастыра отырып, баспасөзде жарияланған материалдарға байланысты шағымдар мен дауларды тексеретін, журналист этикасы тұрғысынан оған баға беретін, сол арқылы істі сотқа жібермей шешетін журналистиканың өзін-өзі бақылайтын жүйесі - масс-медиа консулы, яғни, омбудсмен орталықтарын құру жолдарын әлемдік тәжірибеге сай қарастыру;

-  шет елдердегі қазақ баспасөзінің ортақ ұлттық құндылығымызға қосып отырған үлестерін, құқықтық, экономикалық негіздерін, шығармашылық бостандықтарын иеленудегі проблемаларын айқындайтын зерттеулер жүргізіп, сараптамалар жасайтын нысандар құруды қолға алу;

- тәуелсіз баспасөзді шынайы мағынасында дамыту, БАҚ-дың өзара бәсекелестігін арттыру үшін мемлекет өз иелігіндегі «асыранды» ақпарат құралдарын түгелдей жекешелендіру, сату арқылы шынайы түрде ЖШС, АҚ болып ұйымдастырылуына үкіметтен арнайы шаралардың белгіленуін ұсыныс ету;

- журналистік зерттеудің шынайы түрде қолға алынуы, БАҚ саласында сөз бостандығының кең өрістеуі - халықтың мұң-мұқтажын ашық айтып, шер тарқатуына мүмкіндік береді. Осылайша оларды қоғамда орын алған саяси-әлеуметтік проблемалар үшін қапаландырудан сақтайды, туындаған мәселелердің дер кезінде жедел шешім табуына көмектеседі, елде тұрақтылықты, қауіпсіздікті, тыныштықты қамтамасыз етеді, лаңкестіктің, бейберекеттіктің, жаппай наразылықтың туындауының алдын алуға ықпал етеді;

-  журналистиканың қоғамдық ерекше институт екені әрі гуманитарлық ғылым, ақпараттық қызмет, саяси жүйе салаларының құрамдас бір бөлігі, ақпарат көзі болып табылатыны және оның ерекшеліктері мен жалпы сипаттары анықтау;

- ақпарат құралдары мен баспасөз саласындағы кәсіпкерлердің этика кодексін жасау қажет. Оған тек БАҚ өкілдері ғана емес, оның өнімдерін жасайтын барлық құрылымдар қамтылуға тиіс;

- БАҚ жүйесіндегі жарнама қызметі де заңмен жаңаша түрде реттелуі қажет. Қазіргі қолданыстағы заңға толықтырулар енгізу арқылы қазақ тілді БАҚ-ды жарнамамен тұрақты қамтамасыз ету, оның есесіне орыс тілді баспасөздің монополиясын шектеу жолдарын айқындау;

- тәуелсіз БАҚ қызметін мінсіз атқара алатын мамандарды оқытуды, қайта даярлауды жетілдіру үшін ең алдымен журналистика факультеті мен бөлімдеріндегі білім берудің мазмұны мен формасын түбегейлі жаңарту жолдарын ұсыну.

Аталған жайларды жүзеге асырғанда ғана БАҚ жүйесінде демократиялық реформалар өз жемісін береді және журналистика туындыларының сапасы мен тартымдылығы артады, іс қызметтері жетілдіріледі, қоғамда жоғары саяси мәдениет шынайы түрде орнығады. Сондықтан, аталмыш жайлар Форумның басты назарында болумен қатар жиыннан қабылданатын қарар, құжаттарда көрініс тапса дегенді ерекше атап айту ләзім.

 

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,

халықаралық журналист, ғылым кандидаты, доцент.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616