Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5030 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 08:59

12 шілде Алматыда аламан айтыс өтеді

Ардақты айтыссүйер ағайын! Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен 12 шілде күні Алматы қаласында  "Өз еліңде сұлтан бол!" атты  республикалық аламан айтыс өтпек. Айтыс десе ауызға аттары бірден түсетін танымал айтыскерлерден еш кем түспейтін таланттарға сахнадан орын тимей жүргенін біреу білсе, біреу білмейді. Негізінен жастардан жасақталған  бұл сөз додасында осылайша булығып жүрген біраз талантты өнерпаздар бақ сынасады.  Олар:

Ахметов Марат – Ақтөбе

Әбенов Саят – Астана

Әділбек Сырым – Қызылорда

Әбдіманапұлы Дархан – Тараз

Бисенғалиев Айнабек – Орал

Есенқұлов Нұрлан – Шымкент

Қайболдин Ершат – Ақтөбе

Таңжарық Ержан  – Астана

Оразбай Рахман – Алматы

Сұлтанхан Мейірбек – Астана

Садықбек Асхат – Шымкент

Сексентай Білімбек – Астана

Сейітов Аян – Шалқар

Сембай Дәурен – Семей

Шұғатаев Аспанбек – Павлодар

Әміров Ержан - Қызылорда 

Бұл айтыстың ерекшелігі әрбір айтыскер сахнаға өзінің ұстазымен бірге шығады. Ақындар айтысып болған соң әуелі төрелік айту ұстаздарға беріледі. Қазақтың дәстүрімен қамшы тастау арқылы ұстаздар  өз пікірлерін білдіріп, шәкірті жеңген, не жеңілгенін дәлелдеуге құқығы бар. Екі жақтың ұстаздары да бір шешімге келе алмаса онда төрелік айту қазылар алқасына бұйырады. Қазылар алқасында белгілі қаламгер-журналисттер отырады деп күтілуде. Айтысқа демеуші болып, қомақты жүлде тігіп, ұлттық өнерге жанашырлық танытып отырған белгілі меценаттар Өмірзақ Сәрсенов пен Құсайын Омаров екендігін айта кеткен артық болмас.

Тұлпар таланттардың тұсаукесер сәтіне бірге куә болайық, ардақты айтыс жанашырлары!

Келіңіздер, көріңіздер!

Айтысты жүргізетін: Ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер ЖҮРСІН ЕРМАН

Өтетін орны: Алматы қаласындағы  Студенттер сарайы

Өтетін уақыты: 12 шілде, сағ. 15-00 - де. 

0 пікір