Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 08:31

Қазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысушыларға!

Құрметті әріптестер!

2010 жылғы 17-18 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысушылардың тізімін жасақтау, оның Бағдарламасын дайындау мақсатында Тіркелу анкетасын толтырып kazkuryltai@mail.ru электронды поштасына салуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Форумда баяндама не хабарлама жасаймын, баяндамам немесе хабарламам форумның нәтижесі бойынша жарыққа шығатын жинақтарға енсін деген азаматтар тиісті Талаптарға назар аударғаны абзал.

Тіркелу анкетасын толтырушылардың назарына:

Анкетаны электронды тәсілмен толтыруға тырысыңыздар. Ол үшін анкетаны компьютеріңізге көшіріп алып, Microsoft Word мәтіндік редакторын пайдалана отырып, көрсетілген сұрақтарға толық жауап беруіңіз керек.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша негізгі қаржылық көмек Форумға шетелден келетін әріптестерімізге көрсетілетінін ескертеміз. Сондықтан қазақстандық қатысушылар мүмкіндігінше көлік, қонақүй мәселелерін редакция қаржысымен немесе демеушілер арқылы шешкені абзал болар еді.

Егер қажет болған жағдайда әрбір қатысушыға ұйымдастыру комитетінің атынан арнайы шақыру жіберуге әзірміз.

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысушының баяндамасына орай талаптар

(Алматы қаласы 17-18 мамыр 2010 жыл)

Қазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысып, сөз сөйлеймін деушілер Форумның Ұйымдастыру комитетіне өз баяндамалары мен хабарламаларының мәтінін Форумның бағдарламасын алдын-ала әзірлеу мақсатында 2010 жылдың 10 мамыр күніне дейін жіберуі керек.

Баяндаманың не хабарламаның мәтіні Microsoft Word мәтіндік редакторының негізінде теріліп, Форумға қатысушының анкетасымен қатар жіберілуі тиіс. Бұл құжаттарды ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне төмендегі электронды пошталарға asarimov@mail.ru; tek17@mail.ru;
dauren-kuat@mail.ru жібергендеріңіз абзал.

Баяндаманың көлемі 14 шрифтімен теріліп, 5-6 беттен аспағаны абзал. Хабарламалардың көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс. Баяндамалар мен хабарламалардың толықтырылған нұсқаларын Форумның нәтижелері бойынша шығарылатын жинақтарға енгізуге болатынын ескертеміз.

Хабарламаға енетін барлық суреттер мен таблицалар араб сандарымен нөмірленуі тиіс.

Баяндама және хабарламаның мәтінінің құрылымы: баяндаманың атауы (мәтіннің басында қара бояулы ірі шрифтімен терілуі керек), автордың толық аты-жөні, атқаратын қызметі мен жұмыс орны, оның ғылыми және қоғамдық лауазымдары (қажет деп тапса).

Форумның негізгі жұмыс тілі - қазақ тілі.

Форумға құжаттарды:

1. Мәтіндік нұсқада 2. MS Power Point бағдарламасының көмегімен жасалған электронды презентация ретінде ұсынуға болады.

Форумның регламенті:

Пленарлық отырыстағы басты баяндамалар - 10-15 минут;

Пленарлық отырыстағы қосымша бағдарламалар - 8-10 минут;

Сессиялардағы хабарламалар - 8-10 минут;

Сұрақ-жауапқа 3-5 минуттен.

Ұйымдастыру комитеті

Әрі қарай оқыңыз. Көшіріп алыңыз

Қазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысушының тіркелу анкетасы (Алматы қаласы 17-18 мамыр 2010 жыл)

Қазақ журналистерінің форумы туралы қосымша мәлімет алғыңыз келсе, ұйымдастыру алқасының мүшелеріне хабарласыңыз.
Айдос Сарым, 8 701 999 8222, asarimov@mail.ru;
Талғат Ешенұлы, 8 701 161 6162, tek17@mail.ru;
Дәурен Қуат, 8 701 513 4188, dauren-kuat@mail.ru

0 пікір