Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6012 0 пікір 9 Шілде, 2014 сағат 10:17

Президент бірқатар заңға қол қойды

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралыАқорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы заңнаманы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді спортшыларды дайындауға деген заманауи талаптарды ескере отырып жақсартуға, мейлінше тиімді дене шынықтыру және спорт жүйесін қалыптастыруға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Елбасы  пошта байланысы саласындағы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Абай-ақпарат

0 пікір