Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Сүйінші! 7044 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 11:18

РЕСЕЙГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Ресейге жалға берілген жердің жартысы қайтарылады деп хабарлайды "24 kz". Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигоны мен Құрманғазы ауданындағы Азғыр полигондары туралы қазақ баспасөзі әу бастан мәселе көтеріп келеді. Енді, міне сол жұрт талабының орындалатын кезі келген сияқты. Полигон маңын мекендейтін жергілікті тұрғындар Ресей иелігіндегі  шұрайлы жерлердің ауыл шаруашылығы мен мұнай барлауға аса қажетті өңір екенін айтып отыр. 

 Ауыл-шаруашылығымен шұғылданатын фермерлер мен мұнай саласы мамандарының уәжіне құлақ түрген Парламент үкімет алдында мәселе көтерді. Соның арқасында алдағы күнде полигон аумағының жартысы халық игілігіне қайтарылмақ. Осы күнге дейін 750 мың гектер жерді иеленіп отырған Тайсойған полигонының иелігі  арнайы комиссия шешімімен 125 мың гектарға дейін қысқартылатын көрінеді. Қазақстан Республикасы Парлмент сенатының депутаты  Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, " Бұл – экономикалық емес, әлеуметтік мәселе. Сондықтан министрліктер мен Үкімет тарапынан қолдау бар" көрінеді. "Бұл жерлер өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін Кеңес одағының ядролық қаруларды сынайтын полигоны болған. Кейін де Ресей жалға алып, бейбіт мақсаттағы әскери зымырандарды сынау алаңына айналдырды. Үсті малға табылмас жайылым, асты көмір сутегі шикізаты қорына бай жерді пайдалануға рұқсат жоқ. Келісімшарт бойынша жалға берілген жерге қазақстандықтардың аттап басуға құқы жоқ", - дейді ол.

Ал "24 kz" арнасына берген сұхбатында Мұнай өндіру компаниясының өкілі Әйіп Сұпығалиев бұл аумақта 51 млн. тоннадай мұнай қоры бар екендігін айтады. Яғни қайтарып алынған жерді мүмкіндігінше ауыл-шаруашылығына пайдаланып, қала берді мұнай кені бұрғыланып жатса, жергілікті тұрғындарға аса тиімді болатын көрінеді. Әрі өндіріс, әрі жұмыс. 

Естеріңізде болса, былтыр Қызылорда облысында "Протон М" зымыраны құлап, аса улы гептиль отыны табиғатты ластап, сол аумақты мекендейтін тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген болатын. Содан бері "Антигептиль" қозғалысы құрылып, Елорда мен Алматыда әртүрлі қарсылық шараларын өткізген. 

Abai.kz

0 пікір