Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6335 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 13:49

Асық ойнағың келсе Ақтауға бар

"Астаналықтардың ізімен ақтаулық бастамашы топ әр сенбі сайын көпшілікпен бірге асық ойынауды қолға алып отыр" деп хабарлайды "ҚазАқпарат" «Лада» газетіне сілтеме жасап.  

«Асық Party» Астанада мамырдың 3-де өтсе, Ақтауда 17-де болды. Шымкентте де ұйымдастырылып жатыр. Біз ұлттық ойынды әсіресе, жас ұрпаққа насихаттағымыз келеді. Қатысушыларды түрлі сыйлықтармен шабыттандырамыз. Сайысты өз қаражатымызбен ұйымдастырып отырмыз. Болашақта демеушілер табылады деген сенім бар», - деді ойынды ұйымдастырушы Берік Дәуенов.

Аз ғана уақыт ішінде асық ойнауға тұрақты келушілер қалыптасып, қаланың біршама тұрғыны жиналып үлгерген. Үш апта қатыранан қатысып, көзге түскен жас ойыншы Бағжан Түменбайдың ата-анасы ұлттық ойын баласының алғырлық қабілетін ашып, сергек жүруіне әсер еткенін айтады. Ойыннан шабыттанған ақтаулық жас ақын Жандос Демесін тіпті, Ақтаудағы асық сайысына өлең де арнаған.

«Асық Party» әр сенбі күні Ақтау қаласында теңіз жағалауындағы «Астана» сауда орталығының маңында кешкі сағат 20-00-де өтеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610