Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Не дейді?! 8448 0 пікір 12 Шілде, 2014 сағат 18:23

Артаевтан «таяқ жеген» Айсұлу кім?

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтан Астанадағы түнгі клубтрадың бірінде «таяқ жеген» Айсұлу Ибрашованың бұрынғы күйеуі Әсет Құлмағанбетов  «16/12»  ақпараттық телеарнасына сұхбат берді. Аталған ақпараттық телеарнаның журналистіне берген сұхбатында  ол Айсұлудың «жәбірленуші» ролін жақсы ойнайтындығын айтыпты.  «Соңғы жылдары ғана Айсұлудың жеке шотына алимент  ретінде 4 млн теңге  аудардым, - дейді Әсет, - бірақ ол ақшаның бала үшін жұмсалғанына күмәнім бар». Бұл арада Әсет айтып отырған қыз баланың  сот шешімі арқылы Айсұлуда кеткенін ескертіп қойғанымыз жөн шығар.

Әсет пен Айсұлудың ажырасқандарына 5 жыл болыпты. Екеуінен туған қыз анасының қолында. Осы жайттарды айта келіп Әсет Құлмағанбетов Айсұлу балаға мүлдем көңіл бөлмейді деді. Әсеттің сөзіне қарағанда, «Самұрық-Қазынаның» серіктес компанияларының бірінде қызмет істейді деп танылған Айсұлу  Астанадағы модельдік агенттіктің бірінде модельерша көрінеді.

Айсұлу Ибрашова Ақтөбе қаласында туған. Қаладағы №27 мектепті тәмамдаған ол Қ. Жұбанов атындағы АМУ-ді бітірген. Мамандығы заңгер.

Abai.kz

0 пікір