Сенбі, 20 Сәуір 2024
Не көріп жүрсіз? 5655 0 пікір 14 Шілде, 2014 сағат 10:25

«МАРШРУТНОЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ» - ҚАЙ ЕЛДІКІ?

Елбасымыздың  биылғы жолдауында мемлекеттік тілдің жарқын болашағы айқын айтылған. Сол тіліміздің қоғамдық орындарда әрқилы қолданылып жүргені жасырын емес. Төмендегі күнделікті өмірден алған мысалымыз соған  дәлел бола алады.

Мәселен, Қарағанды қаласындағы қалаішілік қоғамдық автобустардың көпшілігінде «Маршрутное телевидение» арнайы  телебағдарламасы орнатылған. Онда түрлі комерциялық ұйымдардын жаранама роликтері мен арасында аракідік шетелдік әндер мен орыс тіліндегі мультфильмдер көрсетіліп жатады. Осы тұста бір әттеген айы жарнама қазақша және орысша аралас берілсе де, балаларға арналған  мультфильмдер мен әуенді бейнеклиптер аздап санаулы ғана көрерменге жол тартып жатады.  Бұл дегеніміз заңға қайшы дүние. Өйткені ҚР ата заңының 7 бабында қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп анық жазылған. Ендеше сол заң талабын орындай алмай жүрген «Маршрутное телевидение»  басшылығы орын алған кемшіліктін орынын толтырып, қазақша әуендер мен мультфильмдер автобустардағы теледидардан жолаушы қауымға көптеп көрсетілсе деген ұсынысымызды жолдағымыз келеді.

Соңда ғана азаматтар тарапынан мемлекеттік тілге деген ерекше құрмет пайда болады!

 

 

 Дархан УӘЛИЕВ,

 Қазақстан  Журналистер Одағының  мүшесі.

Қарағанды қаласы.

Abai.kz

0 пікір