Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2495 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 06:06

Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беретін заң жобаларын талқылайды (толықтыру, тақырыбы өзгертілген)

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Парламент мәжілісінің депутаттары елдің тұңғыш президентінің саяси-құқықтық мәртебесін анықтауды қарастыратын түзетулерді талқылауды кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне енгізді.

«Біз елдің тұңғыш президентінің рөлін нақты белгілеу үшін екі заң жобасын әзірлеуді шештік. Сондықтан бүгінгі кеңейтілген отырысқа біз екі заң жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз: біріншісі - ҚР кейбір конституциялық заңдарына елдің тұңғыш президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және екіншісі - ҚР кейбір заң актілеріне ел президентінің тұңғыш президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», - деді депутат Розақұл Халмұрадов сәрсенбі күні мәжілістің кеңейтілген отырысында.

Өз кезегінде депутат Әмзебек Жолшыбеков мемлекеттің тұңғыш басшысының қызметін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін анықтайтын «ҚР тұңғыш президенті туралы» заң қазіргі мемлекеттіліктің негізін қалаушының рөлін толық көлемде анықтамайтынын жеткізді.

«Бүгінгі жағдайлар конституциялық заңның нормаларын мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін анықтау жөнінен қайта қарауды, тұңғыш президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпы мойындалған ұлт лидері мәртебесіне сәйкес келтіруді талап етеді», - деді ол.

Депутат Н. Назарбаев «жай президент емес, қазіргі мемлекет - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, елдің экономикалық өсіміне, халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізіп, бүкіл өркениетті әлемге өзін мойындатқан адам» екенін айтты.

Депутаттардың 97%-ы аталған заң жобаларын кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне енгізуді қолдап дауыс берді.

Салалық комитет 25 маусымға дейін аталған құжаттар бойынша қорытынды әзірлейді.

0 пікір