Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 9768 0 пікір 17 Шілде, 2014 сағат 15:00

Астанада 10 бала бақша ашылады

Жыл соңына дейін елордада 10 жаңа балабақша ашылады деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Астана халқының саны жылдан жылға артып келеді. Сондықтан да әрбір елордалық бүлдіршінді мектепке дейінгі біліммен қамту үшін жыл сайын жаңа балабақшалар ашылуда. 

Мәселен, 2014 жылдың соңына дейін елордада 10 балабақша пайдалануға берілетін болады. Олар: Сауран мен №24 көшелердің қиылысындағы  240 орындық балабақша, Алматы мен Ақмешіт көшелері қиылысындағы 240  орындық балабақша, Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орынбор көшелері орамындағы 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесіндегі 240 орындық №1 балабақша, дәл осы көшедегі 240 орындық  №2 балабақша. Олардың барлығының да жалпы аумағы 2398 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар Айнакөл мен Жұмабаев көшелері қиылысында жалпы аумағы  5 023,78, Айнакөл мен Мирзоян көшелері қиылысында жалпы аумағы 6 994,15, Ж.Нәжімеденов пен Л.Мирзоян көшелері қиылысында жалпы аумағы  3 912,72 шаршы метрді құрайтын балабақшалар ашылады.Түркістан, Орынбор, №25 және №26 көшелер қылысында  жалпы аумағы 2098,6 шаршы метрді құрайтын 200 орындық балабақша да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал  №4 «Рябинка» балабақшасына іргелес ғимараттың құрылысы да осы жылы аяқталады.

Айта кетейік, бүгінде елордада 148 балабақша мен 25 шағын орталық жұмыс істеуде. Олар 33164 баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуда.

Абай-ақпарат

0 пікір