Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Масқара! 6299 0 пікір 18 Шілде, 2014 сағат 11:23

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙ ТАСЫҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Қытайларға заңсыз виза рәсімдеп, еш кедергісіз елге кіргізген  Сыртқы Істер министрлігінің лауазымды шенеуніктері ұзақ мерзімге сотталды деп хабарлайды "Ктк" телеарнасы. Ұйымдасқан қылмыстық топқа Алматыдағы консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары жетекшілік еткен.

Дипломаттардан ұйымдасқан қылмыстық топ Қазақстанға 13 мың шетелдікті кіргізген. Көк қағазын көрсетіп, виза алғандардың басым көпшілігі - қытайлар. Миллиардтар елінен шақырылмаған қонақтарды жеткізу жұмысын Айгүл Қоңырбаева есімді кәсіпкер әйел атқарыпты. Сөйтіп ұйымдасқан қылмыстық топ 3 жылдың ішінде 240 миллион теңге параны қалтаға басқан.

Біздің дипломаттардың іскерлігі соншалық - өз қатарларына Қырғызстан, Грузия, Моңғолиядағы әріптестерін тартқан. Сот шешімі бойынша істің басы-қасында жүрген Алматыдағы консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары 39 жастағы Қайсар Арқабаевтың дүние мүлкі тәркіленіп, 12 жылға абақтыға жабылды. Қалған сыбайласары да алдағы 10 жылда бостандық көрмейді. ал 5 жылға сотталған Айгүл Қоңырбаева жазасын сәбилері кәмелет жасқа толған соң өтейтін болды. 

Abai.kz

0 пікір