Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Өз сөзім... 6220 0 пікір 21 Шілде, 2014 сағат 09:54

ХАЛИМЖАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛДЫ?

 

Соңғы кездері Қостанай жұртшылығы "Халимжан қарғам тұтылды, одан қалай құтылды?" деген сауалға жауап таба алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүрген жайы бар. Мұнысын түсінуге болар. Өйткені анау-мынау емес, атынан ат үркетін қаржы полициясының тергеушісіне қолақпандай 6 мың АҚШ долларын ұсынған, оны өзі де мойындаған Халимжан Ержанов деген бір пенде  алты жылға ғана шартты түрде жазаланған. Мұндайда әуре-сарсаңға түскен былай тұрсын есіңнен танып қалуың да кәдік.
     Жә, алдымен Халимжан деген кісіге тоқталайық. Жалпы, оған көп тоқталмаймыз да, өйткені бұл Халимжан Ержанов деген азаматты облысымыз түгілі, кең байтақ еліміз біледі десек артық айтпаспыз.Бір кездері облысымыздың "Тобыл" футбол клубының тізгінін ұстап, көпішілкке кеңінен танылған жайы бар. Сосын наны жүріп біраз уақыт республикалық футбол федерациясының бір құлағын ұстады. Сосын елге келіп Қостанай қалалық әкімдіктің спорт бөлімін басқарды, көзге түсіп әкімнің орынбасары да болды. Бұдан соң оны Павлодардың "Ертіс" футбол клубына шақырды, Сол жерде әлдекімдерден таяқ жеп, денсаулығына байланысты (өз сөзімен айтқанда) ат басын елге бұрды. Туған жерге табаны тиер-тиместен қаржы полицицясы оны бірден жағасынан алды. Сөйтсе, Халимжан батырымыз сонау 2012-2013 жылдары Қостанайдың спорт бөлімін басқарғанда 85 миллион теңгені орынсыз жұмсап, бюджетке едәуір зиян келтіріпті. Бұл кісінің тұсында осындағы  Аквапарк деген ұжымға "спорт жарыстарын өткізуге" деп жаңағыдай қомақты қаржы аударған. Ал шындығында ол спорт шараларын өткізуге емес, Аквапаркті ұстап тұруға жұмсалған көрінеді. Қысқасы, әлгі қаржы бөтен мақсатқа кеткен.
    Қаржы полицияся осы мәселені анықтау масқатымен Халимжан батырымыздан жауап алмай ма. Яғни бұл әдеттегідей тергеу амалдары. Сөйтсе бұл батырымыз кезекті тергеу барысында жаңағы тергеушіге 6 мың доллар пара ұсынады. Және де дәл сол қаржы полициясының ғимаратында. Не деген жүрек жұтқандық десеңізші. Тергеушіміз адал қызметкер болып шықты. Халимжан парасымен қоса сол жерде кісенделеді. "Батырға да жан керек", ол көп бұлтақтамай, қылмысын толық мойындайды. Сол себепті тергеу амалдары жылдам жүргізіліп, іс сотқа жіберіледі. Сотымыз да ширақ екен. Көп ұзамай істің ақ-қарасын анықтаған үкім шығарып-ақ тастайды.
     Қызық, міне, дәл осы жерде басталады. Сотымыз қомақты пара берген адамды басынан сылап-сипап 6 жылға шарты түрде ғана соттау туралы үкім шығарады. Онда мұның 3 жылы ғана есептелінеді. Прокуратура қызметкерінің мұндай қылмескерді ең кемі 6 жыл бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу керек дегені назарға алынбайды. Сонымен "іс бітті, қу кетті" болды да шықты.
     Сонда бұл қалай болғаны? Ірі көлемде пара берген қылмыскер жазадан неге оңай құтылып кетеді?  Бір қызығы, бұған сотымыздың кереметтей өз уәжі бар көрінеді. Сот процесі барысында бұл азаматтың бұрын-соңды сотты болмағаны ескеріліпті. Бейне бір бізде сотталатындардың барлығы бірдей  түрмеден шықпайтын алаяқтар секілді.Екіншіден, оның өз қылмысын түгелімен әрі адалдықпен мойындағаны айтылыпты. Ойбай-ау, қаржы полицицясының ғимаратында, сол қаржы полицицясының тергеушісіне пара бергенде ұсталған соң, мойындамағанда қайда барады? Ал ең бастысы сотты жүргізген судьяның айтуына қарағанда Халимжан Ержанов кезінде "Тобыл" командасын басқарғанда футболшылар тамаша-тамаша жетістіктерге жетіпті. Демек, мұндай ерекше еңбек сіңірген аяулы адамды соттау адамгершілікке жатпайтын ұят іс болса керек.
     Біз болсақ, судьяның мұндай тұжырымына түсінбедік. Егер кім-кімнің де елге сіңірген еңбегін елеп, ауыр жазадан құтқара берсек, заң-зәкөн қайда қалады. Ал тіпті сол еңбегіне келер болсақ. кезінде түрмеге тоғытылған министр Досқалиевтің еңбегі кімнен кем еді. Стволдық жасушалар салуда мұндай хируругтерді бүкіл ТМД елдерінен таба аламасың анық. Анау тергеуде жатқан Ерлан Арынның ғалымдығының өзі неге тұрады? Тіпті бұлай кете берсек, Храпуновтың Алматы қаласын өркендетудегі еңбегі жоқ па еді? Бизнес саласындағ Әбіләзовтың ұйымдастырушылық қабілеті неге ескерілмеген? Енді бұл сауалдардың сол сотымыздың өзі бермесе, бұған біздіғң миымыз жетпеді.
     Тағы бір таң-тамаша қалатын жайт, Халимжанның өзінің неге пара бергендігін түсіндіремін деп жұртқа күлкі болғандығы. Бұл әрекетін ол қорқып кеткендігімен ақтағысы келеді. Сөйте тұра, әлгіндей 85 миллион теңгеге қатысы жоқ екендігін, өзі тек құжатқа қол қойып отырғандығын баса айтады. Сонда мұны қалай түсіндік? Егер қолы таза болса, неден қорқады? Қорыққан нәрсесінің бәріне ақша бере бере ме? Оған қай байлығы жетеді. Байлық демекші, 6 мың доллар, яғни бір миллионнан астам ақша қалтасында ұсақ-түйек секілді жүре беретін жанды кедей деп айтуға ауыз бармайтын шығар
            Әлде кез-келген нәрсені парамен шешуге болады деген қоғамымыздың кеселі бұл азаматтың да санасын жаулап алды ма екен?
    
Мұратбек Дәуренұлы


Қостанай

Abai.kz

0 пікір