Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3840 0 пікір 22 Шілде, 2014 сағат 14:53

Б.Сұлтанов: Бұдан бұрын 7 млрд. доллардан астам мүлік жария етілді

 Алғашқы ақшаны жария ету Қазақстан Республикасында 2001 жылғы шілде-тамыз айларында бір ай бойында өткізілді. Жария ету ол кезде бір жолғы акция түрінде, сол өткізу кезеңіне ҚР азаматтарының  екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен өткізілді. Амнистия нәтижесінде Қазақстан Республикасының шамамен 3 мыңға жуық азаматы 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария етті.

2006-2007 жылдары жария етуге тек қана ақша емес, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатқызылды. Осы ерекшелікті, сондай-ақ мерзімдерін ұзартуды ескере отырып, акция анағұрлым созылмалы сипатта болды және бір жылдан астам уақыт -  2006 жылғы 3 шілдеден бастап, 2007 жылғы 1 тамызға дейін өткізілді. Сол кезде мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 10% мөлшерінде алым алу көзделген.

 - шамамен сомасы 845 млрд. теңге немесе шамамен 7 млрд.АҚШ долларына (8,3% к ВВП 2006г.) мүлік жария етілді, оның ішінде ақша – 538 млрд. теңге (бүкіл мүліктің 63,7%-ы), жылжымайтын мүлік – 236 млрд. теңге. Республикалық бюджетке шамамен 60 млрд. теңге немесе 483 млн. АҚШ доллары (жария ету үшін алым) түсті, - деді кеше "Хабар" телеарнасында өткен телекөпірде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618