Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4223 0 пікір 22 Шілде, 2014 сағат 15:32

Стамбулдағы қазақ құрылтайы қалай өтеді?

Түркия қазақтарының кіші құрылтайында биылғы футбол турниіріндегі  дода “Ер Жәнібек Батыр”ға арналды.

1986 жылы іргесі қаланған Түркия қазақтары қоры биылдан бастап дәстүрлі түрде “Кіші құрылтай” өткізетін болып отыр. 1997 жылы алыс шетел қазақтары арасында алғаш рет Ыстамбұлда кіші құрылтай өткізуге мұрындық болған Түркия қазақтары қоры арадан 17 жыл өткеннен кейін кіші құрылтайды жыл сайын ұйымдастырмақ.

Еуропа мен Түркия секілді алыс шетел қазақтары жастарының сүйікті спорты - футбол. Құрылтайлда жастар арасында береке-бірлік пен ынтымақтастықты нығайту барысында футбол тұрнирирі ұйымдастырылуда. Жастардың ұлттық және тарихи санасын күшейту барысында турнирде жеңіске жететін командаларға берілетін додаға жыл сайын Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Оспан батыр, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай сынды қазақтың бір батырының немесе мемлекет қайраткерінің атын беру жөнінде шешім қабылданған. Мәселен биылғы доданың аты Қазақстанда 300 жылдығы тойлануына байланысты “Ер Жәнібек батыр: Достық және бауырластық додасы” деп атау ұйғарылған. 29-30 шілде күндері болатын футбол турнирине Стамбул, Конья, Нигде, Салихли қалаларынан 8 футбол командасы қатыспақ.

Түркия қазақтарының кіші құрылтайының үшінші күнінде тәңертен құрылтайға қатысушылар Қазақтарды Түркияға қабылдауларына 62 жыл және Қазақстан тәуелісіздігін әлемде бірінші болып тануларына 23 жыл болуына байланысты түрік халқына алғыс сезімдерін білдіру мақсатында Басминистр Аднан Мендерес пен Президент Тұрғыт Өзалдың бейіттеріне барып, Құран оқып дұғада болады және гүл шоқыларын қою рәсімін өткізеді.

Сол күні түстен кейін Түркия қазақтарының кіші құрылтайында сонымен қатар Түркия мен Еуропадағы қазақ қоғамдарының өкілдері мен ғалымдарының қатысуымен “60 жылдығында Түркия қазақтарының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі және атамекенмен Қазақстанмен байланыстары” туралы құрылтай жиналысы да өтетін болады.

Түркия қазақтарының кіші құрылтайы 31 шілде күні кешкісін футбол турнирінің жеңімпазы болған командаға “Ер Жәнібек Батыр” додасын тапсыру рәсімі және концерттік бағдарламамен аяқталады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516