Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4985 0 пікір 29 Шілде, 2014 сағат 12:38

ОРАЗАНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ МЕШІТ ТОНАЛҒАН

 Алматы облысы Жамбыл ауданында Рамазан айының соңғы түнінде мешіттің ішіне ұры түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Ұры жергілікті ауылдың 23 жасар тұрғыны екені анықталды. Арақ ішіп, масайған ол, түннің бір уағында мешіттің терезесін сындырып, ішке кіреді де  ондағы садақаға толы жәшікті алып кетеді. Қаскүнем ақшаның жартысын арақ-шарап пен тіскебасарға жұмсап үлгерген. Қалған қаржыны полицейлер мешітке қайтарып берді."- делінген хабарламада.

Мешіт имамдары жәшікте қанша ақша барын білмеген, бірақ сома әжептәуір болса керек.

Қазіргі уақытта қылмыскер Жамбыл ауданындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамауда отыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір