Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4405 0 пікір 30 Шілде, 2014 сағат 15:17

Жарты жылда жол апатынан 1000-нан аса адам қаза тапты

Биыл жарты жылдың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 1 мыңнан аса адам көз жұмып, 10 мыңнан астамы жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарт ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ЖКО-да 1015 (1167) адам қаза тапты және 10 911 (10 837) адам жараланды. Бұл ретте, қаза болғандардың ең көп саны Алматы - 198 (206), Оңтүстік Қазақстан - 159 (200), Жамбыл - 90 (113), Шығыс Қазақстан - 71 (66), облыстарында және Алматы қаласында - 60 (63) тіркелді», - делінген хабарламада.

2014  жылдың 6 айындағы жол-көлік оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы 8608 ЖКО тіркелген. Жасалған ЖКО-ларына жол қозғалысы ережелерін сақтамау, атап айтқанда жылдамдықты арттыру - 2517, жаяу жүргіншілер жолдарынан өту тәртібін бұзу кезінде - 912, қарсы қозғалыс жолына шығу - 624, жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі - 461, көлікті мас күйінде басқару салдарынан - 326, басқа себептерден - 2438 факті орын алып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір