Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5701 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 13:44

Кіші Буш жазған әкесі туралы кітап миллион данамен сатылады

АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш әкесі, Американың 41-ші президенті үлкен Джордж Буштың өмірбаянын жазып шықты. Кітап ағымдағы жылдың қарашасында оқырман қолына тимек. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Джордж Герберт Уокер Буш - ұлы қызметкер, саясаткер және әке. Оның өмір тарихын жазып шығу маған ұнады және оқырмандардың барлығына да оның ұнайтынына үміт артамын», - деген кіші Джордж Буш.

Кітапта 41-ші президенттің өмірі мен қызметтік мансап жолы кеңінен қамтылған. Өмірбаянды жарыққа шығаратын Crown баспа үйінің ақпаратына қарағанда, кітап 11 қарашада, АҚШ-тағы ардагерлер күнінде оқырман қолына тиетін болады. 300 беттік кітаптың алғашқы таралымы 1 миллион дананы құрайды, бұған қоса аудиокітабы да жарыққа шықпақ.

Үлкен Джордж Буш 1989-1993 жылдары АҚШ президенті болған еді.  Сонымен қатар ол 1981-1989 жылдары Рональд Рейган әкімшілігінде вице-президент болған.  Бүгінде ол паркинсон ауруына шалдығып, мүгедек арбасына  таңылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610