Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4101 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 13:53

Санкт-Петербургте Қазақстан елшісі тоналды

Санкт-Петербург отельдерінің біріндегі мейрамханада Қазақстанның Ресейдегі өмір бойғы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекжасар Нарбаевты тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Life News» ақпаратына сілтеме жасап.  Оқиға сағат 08.00 шамасында Гончарная көшесіндегі "Паркинг" қонақүйінің мейрамханасында болған.

Елшінің маңызды құжаттары, дипломатиялық төлқұжаты, екі фотокамерасы және ақшасы салынған сөмкесі ұрланған. Шығын көлемі толық анықталмаған. Бекжасар Нарбаев кездесуге дайындалып жатқан екен, сөмкесін үстел маңына қалдырып, сәл алыстаған сәтте мүлкін таппай қалыпты.

Оқиға 30 шілде күні болған көрінеді. Нақтыланған мәлімет бойынша, елші Санкт-Петербургте жеке сапармен жүрген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, күдікті әлі тұтқындалмаған.

71 жастағы Бекжасар Нарбаев - Қазақстанның Ресейдегі өмір бойғы Төтенше және Өкілетті елшісі. Ол бұрын Түркияда және Пәкістанда елші қызметін атқарған. 2005-2006 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды. 2007 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі болып жұмыс істейді, университеттің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры. 2003 жылдың маусым айында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ОЭС) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Бекжасар Нарбаев осы халықаралық ұйымның бас хатшысы болып сайланған.

Абай-ақпарат 

 

0 пікір