Сәрсенбі, 1 Желтоқсан 2021
Жаңалықтар 3457 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 14:41

Н.Назарбаев Украинадағы жағдайға алаңдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, экономикалық одақ мәселелерін талқылаған және Украинадағы саяси ахуалға да тоқтала кеткен. Президент баспасөз қызметі хабарлауынша, Президент әріптесімен Украинадағы жағдайды талқылай келе ондағы дағдарыс салдарымен күресу жолдарын сөз еткен.

Қазақстан Президенті бейбіт тұрғындардың, ең алдымен, әйелдер мен балалардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, қақтығысушы жақтар оқ атуды доғарып, Украинада бейбіт келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдайды деп үміттенетінін айтқан.

Aбай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар