Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3489 0 пікір 4 Мамыр, 2010 сағат 06:23

Алматыда «Жаркенттіктер» ҰҚТ мүшелері гранатамен ұсталды

Алматы. 4 мамыр. ҚазТАГ - Қылмыс әлемінде танымал «Жаркенттіктер» ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) қызметіне қатысы бар, ұзақ уақыт бойы бақылауда болған фигуранттар Алматыда қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы (ҰҚКБ) қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Белгілі болғанындай, ҰҚТ мүшелерін залалсыздандыру операциясы сенбі күні сағат 22 мен 23-тің аралығында болған. Арнайы мақсаттағы жасақтың көмегімен күдіктілер отырған Mercedes жеке меншік көлігін тоқтатқан ҰҚКБ қызметкерлері «Жаркенттіктер» ҰҚТ-ның мүшесі, қаруды заңсыз сақтап, алып жүргені үшін сотты болған Жаркент қаласының 31 жастағы тұрғынын және онымен қылмыстық байланыста болған 27 жастағы алматылық азаматты ұстады.

Фигуранттарды тұтқындауға және оларды қамауға алуға біреуінен оталдырғышы бар Ф-1 гранатасының табылуы негіз болды, дейді дереккөз.

0 пікір