Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3841 0 пікір 4 Мамыр, 2010 сағат 06:17

Шығыс Қазақстанда су тасқынына байланысты республикалық жол жабылды

Өскемен. 4 мамыр. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанда Омбы - Майқапшағай тас жолын қар суы басып, Зайсан - Қалжыр - Теректі учаскесі жабылды. Бұл туралы ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Зайсан және Күршім аудандарының арасындағы жолдың 50 шақырымдық учаскесін қар суы басып қалды. Сондай-ақ, Күршім ауданында Қалғұты өзенінің тасуы салдарынан Күршім-Қалжыр жолының 65-ші шақырымындағы көпірді су шайып әкеткен. Қазіргі уақытта бір көліктік қозғалыс ұйымдастырылды, жөндеу жұмыстары басталды», - дейді департаменттегілер.

0 пікір