Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 5194 0 пікір 5 Тамыз, 2014 сағат 16:24

ЭКСПО ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫН СІЗ БЕЛГІЛЕЙСІЗ...

 

4 тамыз 2014 жылы Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нышанына дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беріп, таңдау нәтижелерімен танысу үшін ақпараттарды тамыздың 4-і мен 18-і аралығында https://www.expo2017mascot.kz сайтынан анықтауға болады.

ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік маскот дизайны бойынша халықаралық байқаудың іріктеу кезеңі 2014 жылдың 20-мамыры мен маусымның 20-сы аралығында өтті. Жарысқа барлығы 80-нен астам жоба түскен. Өздерінің дизайн-жобаларын Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния және Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ресей, Қазақстан және басқа да елдердің дизайнерлері жолдаған.

Байқауға түскен жобалардың басты талабы «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына сай келуі тиіс. Сонымен қатар, қабылдаушы ел – Қазақстан Республикасының мәдениетінің ерекшеліктерін айғақтауы шарт.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша Байқау комиссиясы Көрме талисманы құқына таласатын 7 қатысушының жұмысын іріктеп алды. Олардың қатарына Қазақстан мен Украинадан әр түрлі жарнама агенттіктері мен жеке дизайнерлер жолдаған талисмандар кірді.

 

Байқау шарттарына сай, жеңімпаздар 2014 жылғы тамыз айының 4-і мен 18-і аралығында өтетін халықтық дауыс беру арқылы анықталады. Көп дауыс жинаған үш жобаның ішінен біреуі жеңімпаз болып танылады. Байқау нәтижесі 19 қыркүйекте жарияланады. Жеңімпаз атанған автор лайықты марапатпен қатар, көрменің Маскот брендбугын жасау туралы келісімшартқа қол қояды.

Дауыс беруге қатысу үшін Facebook, Vkontakte, Твиттер немесе Мой Мир әлеуметтік желілерінде тіркелу қажет, немесе электронды пошта арқылы арнайы код алып қана дауыс беруге болады. Тіркелген пайдаланушы жеті дизайнның біреуіне ғана дауысын бере алады.

Жобалармен танысып, ұнатқан дизайнға дауыс беруді келесі сілтеме бойынша білуге болады: https://www.expo2017mascot.kz.

«Қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз ұсынылған жобалардың креативтігіне және қамтылған географиялық аумағына таң қалдық. Бүгін ел назарына үздіктерін ұсынамыз. Маскот барша әлемге танымал болатын көрменің бейнесіне айналып, өздеріңіз таңдаған тұмар Қазақстанға сәттілік әкеледі, деп сенемін» – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Әсел Қожақова.

Abai.kz

0 пікір